Бөлім: Бие сауым

Бекжан Тұрыс. Көкпар тартқан «кемпір»

(Естелік) Алдыңғы естеліктерімде де жаздым ғой, біз – екі мыңжылдықтың әрі екі бірдей жүйенің куәсіміз. Біз ақсақалдар мектебін көріп, тектеумен өстік. Ал мектеп бізге жауапкершіліктің не екенін ұғындырды. Қалай десек те, шыншыл, адал, еңбекқор болуды…

Тұрсынхан Әбдірахманова. Құла бие

(Әңгіме)  Шілденің орта шені болатын. Елге демалысқа барып едім. Күні бойы кітап оқып, жалыққан соң, кеш бата, мал келер шақта, есік алдына шығатын әдетім бойынша бүгін де далаға шықтым. Күннің аптабы қайтып, әдемі бір қоңыр…

Дүкенбай ДОСЖАН. Қымыз

(Әңгіме) – Ағаң шақырып жатыр, – деген дауыстан төргі бөлмеге ентелей ендім. Босағада ұшыраса кеткен жеңешемнің жанарынан жас көрдім. Тұла бойым дір ете түсті: әлі жылауға жетпеген, әйтеуір бір үзіліп түсуге тиіс, төгілуге тиіс жалғыз…

Ажар Сыпабек. Асау

(Әңгіме)  Осқырынған Айнасұрдың дауысынан селк ете түскен Шәрбан орнынан тұра сала үсті-басын қаққылап, қолжуғыштың айнасына еңкейіп, орамалын түзетті де, далаға атып шықты. Бөкен атынан түсіп, айылын ағытып, ер-тоқымын алып үлгерген екен.

Төрехан МАЙБАС. Керат

І Мен дүниеге келгенде шахтерлер әкемнің отбасына жиналып, дүниеге тағы бір шахтер келді деп қауқылдасыпты…  ІІ Шақ-шұқ… Шақ-шұқ…


error: Content is protected !!