06.02.2018

Ат күшін «ат күшімен» өлшеуге болмайды

Бұл жолғы әңгімемізде жылқы малының ерекше қабылеттерінің бірі ауыр жүк сүйреу мен жүк көтеру қуатын әңгіме еткіміз келеді. Әрине, мұндайда жылқы ішіндегі «күш атасы» атанған ауыр жүк сүйрейтін тұқымды бірінші кезекте тілге тиек етеріміз белгілі.