Астанада «Теңге ілу» ойынынан І ашық Азия чемпионы өтеді

7413

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Қазақтың ұлттық Теңге ілу ойынынан І ашық Азия чемпионаты 29 тамыз күні Астанада өткізетін болды. Алыс-жақсын 12 мемлекеттен ойыншылар шақырылып, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өтетін бүл бәсекеге Қазақстан, Қырғызстан, Монголия, Түркменстан, Түркия, қатарлы өмірлерін аттың жалы, атан қомында өткізген көшпенділердің ізбасарлары қатысады деп күтілуде. Әр мемлекеттен 1 ғана ойыншы қатысады деген дүбірлі дода Астана төріндегі «Қазанат» атшабарында өтетін болады. Әзірге жүлде қоры нақты бекітілмегенімен өтетін уақыты, өту ережесі дайындалды. Алдағы уақытта қауымдастық бұл шараға орай баспасөз мәслихатын өткізіп, нақты жоспарлар талқыланатын болады.

Арғымақ.кз

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!