Астана күні құрметіне көкпар өтті

6635

Шілденің 6-7 күндері Елордамызда Астана күніне арналған көкпардан ашық турнир өтті. Бұл турнирде барлығы 6 команда бақ сынады. Атап өтсек, олар: Павлодар облысы, СҚО, Қостанай облысы, Қарағанды облысы, Ақмола облысы және Астана қаласының көкпаршылары. Жарыс Көктал кенті, “Тұлпар” ат спорт клубының атшабарында өткізілді. Көкпаршылар шаршылап тарту, яғни бір-бірімен алма-кезек айналма сайыс арқылы бақ сынады. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлері:
1 орын – Ақмола облысының “Жеке батыр” командасы (жаттықтырушысы – Ерғали Тоқабай)
2 орын – Астана “Тұлпар” құрамасы (жаттықтырушысы – Аманжол Хасенов)
3 орын – Қарағанды облысының “Сарыарқа” командасы (жаттықтырушысы – Шаризат Қанатұлы)
Жеңімпаздар мен қатысушыларға жарыс демеушілері: “Самрұқ-Қазына” әл-ауқат қоры, Астана қаласы әкімдігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы арнайы сыйлықтар табыстады. Көкпарды шетелден келген құрметті қонақтар тамашалады.

ulttyqsport.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!