Бәйгенің жүлде қоры 32,3 млн теңге

3811

Алдағы қазан айының 8-9 жұлдызында Жамбыл облысында «Қазақ хандығының 550-жылдығына» арналған дүбірлі той өтпекші. Осы тойдың бір саласы ретінде «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен бәйге түрлерінен жарыс жүргізіледі.
Бүгін жоғардағы ат жарысына байланысты Астана қаласында орналасқан «RIXOS» қонақ үйінің «Шаңырақ» залында баспасөз мәслихаты өтті. Бұл шараға ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Абдалы Нұрәлиев және ҚР Мәдениет және спорт министрлі Спорт комитетінің орынбасары Серік Жарасбаевтар қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, ат бәйгесін өткізу үшін Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы аумағында орналасқан атшабарда дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінді. Үш түр бойынша өтетін жарысқа 150-ге тарта сәйгүлік қатысады деп күтілуде. Жүлде қоры да жеткілікті. Жалпы сомасы – 32.3 млн теңге. Бұл қаражатты тек демеушілердің қолдауымен тауып отыр. Үкіметтен көк тиын алмаған.
Арықарай тарқатып айтар болсақ:
31 шақырымдық қашықтыққа жарысатын аламан бәйгеде топ жарған жүйрікке — 10 млн жүлде беріледі.
2-ші орынға – 5 млн,
3-ші орынға – 2 млн,
4-ші орынға – 1 млн теңге жүлде бар.
Келесі кезекте 21 шақырым қашықтықты құрайтын топ бәйгеден озып келген жүйрікке 5 млн теңге берілсе,
2-ші орынға 2 млн,
3-ші орынға – 1 млн,
4-ші орынға 500 мың,
5-ші орынға 300 мың көлемінде теңгедей сыйақы үлестіріледі.
Ал, жарыс жолы 3 шақырымдық ұшқыр жылқылар жарысында 1-ші орынға – 3 млн,
2-ші орынға – 1 млн,
3-ші орынға – 300 мың теңге қарастырылған.
Сонымен қатар, атшабарда «Ұлы дала ойындары» атты қойылым көпшіліктің назарына ұсынылады. Көкпардан, аударыспақтан, теңге ілуден Азия чемпионатында топ жарған спортшылар және елімізде енді ғана қарқынды дамып келе жатқан жамбы ату спортының шеберлері өнер көрсетеді.

ulttyqsport.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!