Ат тағалаудың құпиясы (видео)

12089

Ат тағалау оңай шаруа сияқты көрігенімен, әр аттың тұяғының формасы әртүрлі: қалың, жұқа, үлкен, кішкене және әртүрлі уақытта өсіп-жетіледі, сондықтан ат тағаларда жыл мезгіліне және ат қай жерде пайдаланылады, жазық жерде ме, тау-тас па, соған сәйкес таға таңдап алынады.
Таға соғып жүрген ұсталар тағаны формасына қарай бүршік таға (емшек таға), жайпақ таға, жыл мезгіліне қарай қыстың емшек тағасы, күздің (жаздың) жайпақ тағсы деп бөледі. Тағаларды суға қанбаған жасық темірден соғады, асыл темірден соқса, морт сынғыш болады. Халық арасында ай таға, шеге таға деген сөздер кездеседі. Қасан (қасаң) таға деп тозған тағаны айтады. Бүршік тағаның ортасында және екі жақ ұшында үш бүршігі (емшегі) болады, биіктігі 1,5 см тағаның көлденеңі 10 см, ұзындығы 11,5 см (орташа ат тұяғының мөлшерімен – А.Т.), әр таға бес шегемен тағаланады, шегелерінің ұзындығы 4,5 см, басы ұзынша төртбұрыштанып трапеция тәрізді боп келеді, бір атқа 20 шеге кетеді. Бүршік таға аттың аяғының сырт жағынан, қазақша қамшылар жағынан үш шегемен, іш жағынан екі шегемен шегеленеді, себебі қыста аяқтың сырт жағына көп күш түседі деп есептелінеді. Жаздық (күздік) жайпақ таға төрт шегемен ғана шегеленеді, сонда бір атқа 16 шеге қажет. Аттың жасына байланысты тай таға, құнан таға деп те атау қалыптасқан. Жетісуда жазда да, қаста да жайпақ тағаны пайдаланған, қыста таймас үшін шегенің қалпақбас жағын үлкенірек қылып, оны әдейі үшкірлеген, мұны «мұз шеге» деп атаған. Жазда шегені тағадағы ойықтың ішіне кіргізіп тағалайтын. Төсін шауып алып, жара қылады деп бәйгеге шабатын атты Моңғолия қазақтары ешқашан тағаламайды.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!