Теңге ілуден ақтөбеліктер топ жарды (фото)

6664

Қызылордада Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған Ұлттық спорт түрлерінен 4-ші республикалық фестивальдің бағдарламасы бойынша теңге ілу мен қыз қуу ойындарының нәтижелері белгілі болды.
Теңге ілуден 20 ұпаймен Ақтөбе облысының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орында 18 ұпаймен Қызылорда облысы, ал үшінші орын 16 ұпаймен Батыс Қазақстан облысының командасына бұйырды. Қыз қуудан Қостанай облысы озық шықса, Оңтүстік Қазақстан облысы күміс жүлдені, Атырау және Жамбыл облыстары қола жүлдені еншіледі.
Ал көкпар сайысы әлі жүріп жатыр. Ақтық финал 20 қазан күні өтеді. Жамбы ату, аударыспақ, тоғызқұмалақ, жекпе-жек, асық атудан жарыстар ертең басталады.
Айта кетейік, фестиваль бағдарламасы бойынша ат спорты ойындары жақында ғана жаңадан пайдалануға берілген ипподромда өтуде.

(Мәлметтер Лаура Кенжебекқызының жеке парақшасынан алынды)

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!