Елімізде бие сүтінен шоколад жасалады

5709

Toregeldi Sh.Елімізде биенің сүтінен жасалған «Арғымақ», «Тайбурыл» деп аталатын балалар өнімдері шығарылмақ. Бұл туралы ҚТА және ҰСТО президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов Қазақ тағамтану академиясы, Профилактикалық медицина академиясы және Ұлттық салауатты тағамтану орталығы өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Біз бие сүтінің негізінде өнім шығардық. Бұл біздің өнім, оны әлемде бірінші болып өндірдік. Бие сүтінен шоколад, торт, ірімшік, йогурт жасадық. Ежелден бие сауған қазақтар қымыз бен саумалды ғана білген. Ал бие сүтін қайнатуға, залалсыздандыруға болмайды, ол бұзылып кетеді. Сиыр сүтін керісінше қайнатып, залалсыздандыру қажет, әйтпесе, керісінше ол бүлініп кетеді. Мысалы сіз сиыр сүтін үш күн қойып көріңізші, ол қауіпті, ал бие сүтіне ештеңе болмайды. Сондықтан біз бие сүтін таңдадық», – дейді ҚТА президенті. Ғалымның айтуынша, олар биыл израильдік құрал-жабдықтар сатып алған.

«Енді біз бие сүті негізінде балаларға арналған өнімдерді шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл өнімдер аты аңызға айналған батырлардың жылқыларының құрметіне «Арғымақ», «Тайбурыл», «Кербұғы» деп аталады. Зауытты біз «Құлыным ай, құлыным» деп атадық. Жалпы ұлтымыз үшін жылқының орны бөлек. Қазір Қазақстан аумағында жылқылардың саны 2 млн 100 мыңға жетеді, бұл аз, біздің жерімізде 50 млн жылқы өсіруге болар еді», – дейді Төрегелді Шарманов.

Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ, Бақ.кз

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!