Алматы ипподромындағы таза қанды жүйріктердің нәтижелері мен жаңартқан рекордтары (кесте)

15600

Қазіргі кезде ат спортының негізгі түрі–мініс жылқыларының жазық шабыс, яғни ежелден келе жатқан ат ойындарының осы түрі жақсы дамыған. Сондықтан жылқы зауыттарында, жылқы фермаларында, басқа да шаруашылық түрлерінде және жекелеген жекеменшік ат иелерінде өсірілетін жылқылар негізінен ат спортының жарыстары үшін өсірледі. Ат жарысы – спорт бағытындағы аттарға үлкен сын. Мұнда жарысқа қосылған шабыс жылқыларының күші, төзімділігі, шабыстылығы, жүйріктілігі, ұшқырлығы барлық жағынан сыналады. Сонымен қатар ат жарысы оған мініп шабатын адамдарға да үлкен сын, мұндай шабандоздар қосылған аттарды дұрыс меңгеріп шапқыза білетін, өз ісінің шабандозы болуы керек.
Алматы ипподромында ағылшынның таза қанды мініс жылқыларын жазық шабыстарда сынайды, асыл тұқымды мініс жылқыларын өсіретін жылқы зауыттары мен фермалардың және жекеменшік басқа да шаруашылықтар мен жекелеген ат иелерінің Республикалық деңгейдегі ат жарыстары өткізіледі, сонымен бірге ат спортының классикалық және ұлттық түрлерімен қатар, әр түрлі ат ойындарының чемпионаты да өткізіліп тұрады.
Ипподромда асыл тұқымды ағылшынның таза қанды мініс жылқылары 2 жасынан бастап сынаққа түседі де, байталдарын 3 жасқа дейін, ал айғырларын 5-6 жасқа толғанша ат жарыстарына қатыстырып сынай береді.
Жұмысты орындау Алматы қаласының территориясында орналасқан Республикалық Алматы ипподромында өткізілген 2006 жылғы шабыс маусымындағы бағдарламасының мәліметтерін пайдалана отырып, таза қанды мініс тұқымындағы жылқылардың ат жарыстарына қатысу нәтижелерін талдау мақсатында жүргізілді.
Республикалық Алматы ипподромындағы 2006 жылғы шабыс маусымындағы таза қанды мініс тұқымындағы жылқыларға арналған ат жарыстары 13 рет ұйымдастырылған, сондағы аттардың шабыс санының барлығы – 56.
Республикалық Алматы ипподромындағы 2006 жылғы шабыс маусымында өткізілген ат жарыстарына қатысқан таза қанды мініс тұқымындағы жылқыларды ат иелері (шаруашылықтар мен жекеменшік ат иелері) бойынша бөлгендегі жарысқа қатысу нәтижелері (алған орындары–1, 2, 3, 4, ешқандай орын алмағандары, жарыстан шығарылып тасталғандары, жүлделі орыннан алынып тасталғандары) мен жеңген ұтыстары (теңге) туралы мәліметтері 1- кестеде берілген.

ppodrom1Кестеде берілген мәліметтер бойынша, Республикалық Алматы ипподромындағы 2006 жылғы шабыс маусымында өткізілген таза қанды мініс тұқымындағы жылқыларына арналған ат жарыстарына 19 шаруашылық пен 22 жекеменшік ат иесі қатысқан, сонымен барлығы — 41.
Сонымен бірге Республикалық Алматы ипподромындағы 2006 жылғы шабыс маусымында өткізілген ат жарыстарына қатысқан таза қанды мініс тұқымындағы жылқылардың ат иелері бойынша бөлгендегі жарысқа қатысу нәтижелерінің мәліметтері бойынша, таза қанды мініс тұқымындағы жылқылардың барлығы 100 бас, олар ат жарыстарына – 334 рет қатысқан. Сонымен алған орындары: 1 — орын — 55 рет; 2 — орын-56 рет; 3 – орын — 42 рет; 4 – орын — 27 рет; ешқандай орын алмағандары-131, жарыстан шығарылып тасталғандары-17, жүлделі орыннан алынып тасталғандары-6, сондағы жеңген ұтыстары–54 092 075 теңге.
Республикалық Алматы ипподромындағы 2006 жылғы шабыс маусымында өткізілген ат жарыстарына қатысқан таза қанды мініс тұқымындағы жылқылардың жарысқа қатысу нәтижелерінде жеңген дәстүрлі жүлделердің жеңімпаздарын жылқылардың ат иелері бойынша бөлгендегі мәліметтері 2 -кестеде көрсетілген.

ippodrom2Республикалық Алматы ипподромындағы 2006 жылғы шабыс маусымында өткізілген ат жарыстарына қатысқан таза қанды мініс тұқымындағы жылқылардың жарысқа қатысу нәтижелерінде жеңген дәстүрлі жүлделердің барлығы – 55, оның ішінде: шаруашылықтардың жеңген жүлделер саны – 31 немесе 56,4%, ал жекеменшік ат иелерінің жеңген жүлделер саны – 24 немесе 43,6%, сондағы жеңімпаздарға бөлінген ұтысы 26 343 750 теңге.
Республикалық Алматы ипподромында жазық шабыста таза қанды мініс жылқыларының айғырлары мен байталдарының Қазақстанда жасаған Республикалық рекордтарының мәліметтері 3 — кестеде берілген, берілген кесте мәліметтерінен бұдан кейінгі жылдары немесе 2003 жылдан бастап бірталай қашықтықтың рекордтары жаңарғанын көреміз.

ppodrom3Кестеде берілген мәліметтер бойынша, Республикалық Алматы ипподромындағы 2006 жылғы шабыс маусымында өткізілген ат жарыстарына қатысқан таза қанды мініс тұқымындағы жылқылардың жарысқа қатысу нәтижелерінде жеңген дәстүрлі жүлделерінің барлығы–55, оның ішінде: шаруашылықтардың жеңген жүлделер саны–31 немесе 56,4%, ал жекеменшік ат иелерінің жеңген жүлделер саны–24 немесе 43,6%.
Сонымен бірге Республикалық Алматы ипподромындағы 2006 жылы өткізілген ат жарыстарының шабыс маусымдарында ұтысқа салған «ҚР Жокей клубының» қаражаты-500 000 АҚШ доллары, оның 85,0-89,0% таза қанды мініс тұқымындағы жылқыларға бөлінген.
Қорыта айтқанда, жоғары сапалы мініс тұқымындағы аттарға сұраныс шұғыл көтерілді. Жылқылардың ат жарыстарындағы ұшқырлық сапасын жақсарту және оларды ипподромда сынау жарыстарын ұйымдастыру нәтижесінде, Қазақстан жылқы өсірушілерін еліміздегі, сондай-ақ одан тысқары шет жерлерде болатын ірі жарыстарда жеңіс әкелетін, атын шығарып, беделін көтеретін жетістіктер үшін аса маңызды болып табылады. Бұның өзі жарыс аттарын басқа елдермен алмасу ісін және экспортқа шығаруды кеңейтуге көмектеседі.

Khairat I.Қайрат Исхан,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент

argymaq.kz

11 comments

  1. Назерке 18 Ақпан, 2016 at 13:21 Ответить

    Мақалаңыз көңілімнен шықты. Өзіме қажетті жаңа мағлұматтарды алдым. Осындай мақала шығарған сізге көп рахмет. Жұмысыңыздың жемісін көріп жүре беріңіз. Тек сәттілік!!!

  2. Айнура 19 Ақпан, 2016 at 13:33 Ответить

    Сәлеметсіз ба! Өте жаксы жазылыпты. Казирги танда китаптарда ески малиметтер жазылган. Сизге рахмет жана малиметтер енгізгеніңізге! Жылқы шаруашылығымен айналысытын бир ден бир маман екеніңізге кəміл сенемін!

  3. Айнура 19 Ақпан, 2016 at 13:38 Ответить

    Сәлеметсіз ба! Мақала өте жақсы жазылыпты. казирги Танда китаптарда ески малиметтер жазылган. Сизге рахмет жана малиметтер енгізгеніңізге! жылқы шаруашылығымен айналысытын бир ден бир маман екеніңізге кəміл сенемін! Жаңа мақалалар күтеміз!

  4. Балнұр Ахметова 25 Ақпан, 2016 at 08:49 Ответить

    Мақала өте көлемді, мазмұнды жазылған. Спорттық жылқыларды дайындау үшін және қызығушылығы бар ізденушілер үшін құнды мәлімет беріпсіз. Еңбегіңізге табыстар тілеймін!

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!