KFC Наурыз мерекесіне орай қазы қосылған гамбургерлер әзірлейді

4605

Әңгіме Қазақстандағы KFC жылдам тамақтандыру мейрамханасы туралы. Аталған мейрамханалар желісі мәзіріне “Сандерс”, “Классик”, “Твистер” сынды ұлттық өнімдері бар жаңа гамбургер түрлерін қосқан.

“Caspian International Restaurants Company” компаниясының өкілі Айжан Шорманның айтуынша, мұндай гамбургерлерді наурыз мерекесіне орай жасап отыр. Гамбургердің ішіне салынатын қазы Алматы облысында әзірленеді. Мұнымен қатар, мұндай гамбургер түрлері шетелде сатылмайтын көрінеді.

“Бұл ерекше мүмкіндік KFC  мейрамханалары бар Алматы, Астана, Қарағанды және Павлодар қаласының тұрғындарына тиесілі. Әзірге ұлттық элементтері бар тағамдарды көбейту туралы ой жоқ, барлығы сұранысқа байланысты. Егер бұл өнім қонақтарымызға ұнаса, біз қазы қосылған тағамдарды қуана жасайтын боламыз. Мәзірді жаңартпас бұрын компания іште тестілеу мен сансыз тексеру жүргізіп, келетін қонақтарға қаншалықты ұнайтынын алдын ала болжауға тырысады”, – дейді “Caspian International Restaurants Company” компаниясының өкілі Айжан Шорман.

Tengrinews.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!