Қазақстан жылқы ауруынан таза аймақ ресми мәртебесін алды

4268

sertipikatПариж қаласында 22-27 мамыр аралығында 180 мемлекеттердің қатысуымен Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ) 84-сессиясында Қазақстан вакцинациясыз аусылдан таза аймақ ресми мәртебесін алды.  Бұл мәртебе елімізде халықаралық ат спортын дамытуға мүмкіндік береретін болады — деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Бұған қоса, Халықаралық эпизоотиялық бюросы Қазақстанның аусылмен күресу бойынша ұлттық бағдарламасын бекітті.

Бас Ассамблеяның ұлттық делегаттарымен  ұсақ күйіс қайырушы жануарлар арасында оба және құтыру ауруларын алдын алу, бақылау аясында әдістер талқыланды.

ХЭБ – жануарлардың денсаулығына жауапты үкіметаралық ұйым. ХЭБ консультациялық ұйым ретінде Дүниежүзілік сауда ұйымымен мақұлданған. Штаб-квартирасы Париж қ.(Франция) орналасқан. ХЭБ-тың негізгі мақсаты бүкіләлемдік жануарлардың денсаулығын  қамтамасыз ету және қорғау. Бүгінгі таңда ХЭБ құрамына 180 мемлекет кіреді. Қазақстан ХЭБ-ға 1993 жылы қосылды — делінген хабарламада.

Естеріңізде болса бұған дейін «Қазақстан халықаралық аламандар өткізуге мүмкіндік алуы мүмкін» екендігін айтқан болатынбыз. Бұл Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаеваның айтуы бойынша егер қазақ жылқысы аталмыш серификатқа ие болған жағдайда елімізде халықаралық ат спорты дамуына тың серпін беретіндігін білдіреді.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!