Белағаштың соңғы сәйгүлгі Бойко немесе Ахметқалидың ақтабаны

5830

Ат қайда Ақтабандай шаппай желген…

 Ат үстінде тіршілік кешіп, қайқы қылышпен әлемді қалтыратқан дәуір келмеске кеткенімен ұлттық санамызда сол бір бағзы заманның релектілік қалдығы бәрі бір қылаң беретіндігін танытқан өңіріміздегі соңғы атбегі, атсейіс Ахметқали ақсақалдың тағдыры куә.

Біз Ақби (Ахметқали) ақсақалдың үлкен ұлы Бағдат ақсақалдың үйінде отырмыз. Бағдат аға келмеске кеткен ескі күндердің сағынышын, іңкәрлігін өз есінде қалған естелігімен қайыра жаңғыртып, ақиқатынан ертегісі басым, бірақ мұқым Семей өңіріне аңыз болған әйгілі сәйгүліктің ғұмыры туралы түріктің санамызды жайлаған телехаяттарынан бірде-бір кем түспейтін қайта ойдан құрастырған теле-ертегіні жолда қалдыратын реалды қазақ тірілігін алдымызға жайып салды.

Біз «Аудан тынысы» газетінде істегеннен бері Бойко туралы ылғида естіп, түрлі пікірді, бірін-бірі жоққа шығаратын әңгімелердің шырмауында қалғанымыз жасырын емес. Осы бір аңызға айналған зубаирдың атақты тұлпары жайында аңыздан ақиқатты аршып алудың тарихи мезеті туды.

«Біздің әкей ел ісіне арласқан, сөзін бүкіл Белағаш пен Семей тыңдайтын елге беделді жан еді. Түрлі қоғамдық жұмыстарға араласып, қазақтың қамын жеп жүретін. Кеңес дәуірінде не көп науқан көп сондай науқанның бірі ауқатты адамдардың малын алып, соғысқа аттандыру еді. Ұмытпасам 1943 жылы болар қалың орыс ошарыла қоныстанған жеріглікті қазақтар Ақсақал ал, қарашекпенділер Петропавл дейтін ауылда бір ауқатты шаруаның малы үкіметке тартып алынғанда сол комиссияның құрамында біздің әкейде болыпты. Сонда аттың сырын білетін сұңғыла бір досы үкіметке кеткелі тұрған тоқпақ жалды торы биені «20 сом беріп сатып ал. Бәрі бір етке кетеді. Ол биыл байтал кезінде орлов айғырынан шыққан, ат баптайтын жансың, бұндай тұлпар маңдайыңа енді бітпейді. Іштегі құлын тұлпар шығады. Шықпаса, атымды басқа ғой» — демей ме. Сонымен не керек, сол кездегі ең құнды ақшаға тоқпақ жалды биені сатып алып, әкейдің үйге әкеп байлағаны,«ұлым, баптап, күтуге көмектесіп жүр» деген үні әлі құлағымда.

Тұмса биенің бірінші құлыны ерек болып, «Бойко» деп атадық, бұл оның бұрынғы иесінің аты ма, әлде ҰОС бір батырының аты ма неге әкей солай қойғанын анық білмеймін. Есесіне Бойко құлын күнінде шешемізге бие саууға көмектескен шағымызда үстінен ары-бері қарғып жүретін еді. Біз сол қасиетінен оның тұлпар боларын аңдадық дейтін білгендер.

Бойкоға әкем мен шешем Белағаш ауданының орталығы Бородулихаға салмағы 75 келілік 10 қап астықты апара жатқанда қызып алған қос ат жеккен шанадағы орыс жігіттері бір жәшік араққа бәстесіп, аудан басына дейін жарысайық депті. Бойко Белағашқа дейін қара үзбей келіпті де, Дмитреевканың тұсында басып озып қарасын көрсетпей кетіпті. Әкелеріміз асханадан тамақ ішіп шыққан кезде екі бірдей аттары бүйірін соғып жаңағы бозбастар әзер жеткен екен. Сөзге келмей бір жәшікті әкеміздің артына әкеп салыпты.

Мен өзі Бойкоға мініп шапқан емеспін. Тек суғарып келген кезде үстіне отырғанда көзімнен жаспарлатып жіберетін еді. Жорға желісі – 60-65 км, шабысы – 80-85 км болатын. Осы Зубаирдан Семейге қыс кезінде төте тартқанда 30 минутта жеткізетін еді. Ондай жылқы қазір жоқ.

Енді Бойканың бағы жанып, әкеме тықыр таянған 8 ай этаппен айдалып келген оқиғаны айтайын.

Соғыс аяқталып, Жеңіс тойы облыс бойынша аталып өткенде Бойко құнан шыққан еді. Сол жарысқа бүкіл Семей өңірінен 65 ат қосылды. Басында жарысты ұйымдастырушылар Мұқырда өткен ат шабысқа Бойконы қоспай қояды. Әкем қоймай жүріп тізімге енгізіп, денесі шағын соғыстан бір қолын беріп оралған аталас туысымыз Жанғазы Қасымұлы шапты. Бойканың сол кездің өзінде тұрқы ерек еді. Бас сүйегін Ақсақалдық Амангелді Жұманұлы Семейдегі мұражайға қойғызам деп алған еді. Басы экспонаттар залының стелажына сыймапты. Сол бәйгеге 65 ат шапты Бойко қара үзіп келді. Содан соң, сол кездегі облыстық аткомның бастығы Жұпар Тайтақов Бойконы өзі міну үшін қолдан келген амалдың бәрін жасады. Ақби ата этаппен кеткен соң, араға Байтанаттың басқармасы болған сөзге жорға кісіні салып, шешем Бәтиманы алдап, Бойконы 10 қой, бір сиырға алдап алып кетті. Ол кезде жаңағы баға өте қымбат еді. Және тор биенің Бойкодан кейінгі құлыны да тұлпар болып өсіп келе жатқанымен аяғы шөп машинаға шабылып, кейін пышаққа ілініп кетті.

Ақыры кейін Аякөздегі ауатком төрағасына дейін төмендеген Жұпардың тақымына тиді. Әкей Бойконың тек алдыңғы екі аяғын ғана емізік тағамен тағалайтын еді. Аттың бабын білмейтін қарау жан төрт аяғында тағалап, іс-сапармен Байтанат жаққа бармай ма!? Ол кезде біздің өңірде қасқыр қалың. Қазір ғой емге таппайсың. Бойконың бір қасиеті – қасқыр көрсе қарсы шабатын еді. Біреу «қасыр, қасқыр!» деп шу ете түскен кезде, ол ытқи шауыпты, бірақ, жылтыр мұзда төрт аяғы бірдей тағаланған ат тайып жығылып, оң аяғының сіңірі қиылып кетті. Одан кейін бойы бір қарыс Тайтақов әкеме тағы да түнде келіп, атқа қастандық жасады деп жала жаппақшы болғанда сол кездегі облыс прокуроры әкеме дос-жар кісі: «Жұпар, бір рет жала жауып соттатың. Ендігің, қысастық» деп Тайтақовты тоқтатыпты. Содан ат біздің қолға қайта тиді. Талай жарыстарға қатысты. Бәрінде бірінші келуші еді. Сүт пісірім жер қалғанда жарықтық ат кеткен аяғын көтеріп алып үш аяқтап шабатын еді…

Ең соңғы шабысы Әнуарбек аға жиырма жасар Бойконы соғымға семіртіп отырған кезде болды. Онда да бірінші келді. Сүйегі асыл тұлпардың осындай аянышты да, жұлдызды тағдыры бар» — деп әңгімесін аяқтады Бағдат ақсақал.

Abil-Serik AliakbarӘбіл-Серік Әлиәкбар

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!