«Қазанат» атшабары халықтық спортты дамытатын болады — Әсет Исекешев

4358

Елордада Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлерінен «Астана жұлдызы» республикалық турнирінің ашылу салтанатына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев ұатысты.

Қазақстан республикасының 25 жылдығына арналған тұңғыш турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген әкім Елордада қолға алынған бұл игі шара алдағы уақытта да жалғасын табатындығын атап өтті.

Елбасының 2020 жылға дейін еліміздің 30 пайызы әлеуметтік спортпен айналысатындығын тапсырған болатын. Астана іргесіндегі «Қазанат» атшабарының іске қосылуы осы Елбасы тапсырмасын орындаудың бір парасы. Осы атшабарда алдағы уақытта халықтық спортпен, ұлттық спортпен айналысамын деушілерге қолжетімді жағдай жасалатын болады. Атқа міну (салт жүру), көкпар, тоғызқұмалақ, қызқуар қатарлы ұлттық спортпен шұғылданушыларға шағын клубтар жұмыс істейтін болады — деді әкім.

Астана төріндегі дүрілдеген доданың шымылдығын «Теңге ілу» ойыны ашты.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!