Астанада «Көкпар» ойынын әлемдік деңгейде дамытуға арналған семинар-кеңес өтеді

5087

Көкпардан 2013 жылы Астана қаласында тұңғыш рет ашық Азия чемпионаты ұйымдастырылып, Түркия, Ресей, Венгрия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сынды бас-аяғы он бір мемлекеттің спортшылары арасынан қазақ көкпаршылары үздік шығып, Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, елімізде өткізілген ұлттық ойындардың ешбірін көкпар ойынымен салыстыруға, шендестіруге келмейді. Мысалы, өткен бір жылдың ішінде командалық көкпардан 110 мәрте, жаппай көкпардан 420 мәрте бәсеке ұйымдастырылған. Бұл мәлімет көкпар ойынының елімізде бұқаралық спорт деңгейіне жеткенінің айқын дәлелі.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы «ЭКСПО-2017 халықаралық көрме» аясында көкпар бәсекесінен Әлем чемпионатын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл жарысқа қатысуға қазірдің өзінде жиырмаға жуық ел ынта білдіруде. Осы Әлем чемпионатын ұйымдастыруға даярлық мақсатында қауымдастық  «Көкпар»  ойының әлемдік деңгейде дамыту мәселелері тақырыбында  халықаралық семинар-кеңеске бірнеше мемлекеттердің ұлттық спорт мамандарын шақыруды жөн көрді.  Бұл семинар-кеңесте қаралатын басты тақырып – көкпар  спорты ережесіне жаңа толықтырулар енгізіп, шетелдік мамандардың келісімімен бекіту. Көкпар ойынына енгізілетін жаңалықтың бірі – көкпар серкесін бұрынғыдай қазандыққа емес, шеңберге тастап ойнау. Мұның себебі, бұған дейінгі көкпар бәсекелерінде көкпаршылардың қатты жарақат алуы мен аттардың мертігуі негізінен осы қазандық айналасындағы теке-тірестер кезінде орын алған. Сондай-ақ,  ірі бәскелерде  қазақ пен қырғыздан өзге ел көкпаршыларының серкені қазандыққа дәл тастауы өте қиын. Бұл кейіннен халықаралық мамандардың назарын аудартқан мәселе болды. Көкпарды қазандықсыз ойнаудың алғашқы ұсынысы негізінен сол басқа мемлекеттер мамандарынан түскен. Семинар-кеңеске Венгрия, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан сынды көптеген мемлекеттердің ұлттық спорт мамандары арнайы шақырылған.

Семинар-кеңес Астана қаласы, 2016 жыл 27 қазан сағат 10:00-де. «Жұмбақтас» қонақ үйінде (Қабанбай батыр мен Сарайшық көшелерінің қиылысында) өтеді.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!