Этноауылдағы «ЭКСПО кубогінің» видеосы

4350

Астана қаласында шымылдығын түрген «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне бәйге түрлеріне «ЭКСПО кубогі» өтті.
Әлемнің 10-нан астам елінен ұшқыр бәйгеге (2400 метр) жүйріктер келді. Сонымен бірге республиканың барлық облыстарынан және Астана мен Алматыдан келген құнан, жорға, топ бәйге, аламанға барлығы 150-ден астам сәйгүлік сынға түсті.
Жарыс бағдарламасы бойынша аламан бәйге – 25 шақырым, топ бәйге – 15 шақырым, жорға жарысы – 7 шақырым, құнан бәйге – 7 шақырымға созылды. Ал дыз етпе, ұшқырлар екі топқа бөлініп, 2400 және 1800 метрге шапты. Ұлттық ойын түрлері аламан бәйге, топ бәйге, жорға аттар жарысы, құнан бәйге бойынша жүлде қоры – 36 млн теңгені құрады.
Астана шетіндегі «Қазанат» атшабарында өткен сайысқа халық өте көп жиналды. Бәйге алаңының жанындағы «ЭТНОАУЫЛ»-да қазақтың ұлттық салт-дәстүрі дәріптеліп, рухани мұрамыз әйгіленді.
Шараның ұйымдастырушылары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы», Астана Әкімдігі, Алматы облысының әкімдігі және «Қазақстанның бәйге түрлері қоғамы». Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
Естеріңізде болса, кешегі өткен аламанның қорытындысын бұған дейін жариялаған болатынбыз. Сонымен бірге, бірінші орынға 50 мың доллар тігілген ұшқыр бәйгенің де қорытныдсын оқи аласыздар.

argymaq.kz

Видео: Абзал Қалиев

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!