Алматыда «KazEqui-2017» ІІ халықаралық жылқы фестивалі өтіп жатыр

3297

Алматыда 22-24 қыркүйек аралығында KazEqui-2017 халықаралық жылқы фестивалі мен көрмесі өтіп жатыр. Шара барысында асыл тұқымды араб сәйгүліктерінің алғашқы чемпионаты жоспарланған. Қазақстанда өсіріліп жатқан 20-ға жуық асыл тұқымды жануар дене тұрқы, қимыл-қозғалысы стандарттарға сәйкестік бойынша бақ сынауда.  

Екі күнге созылған фестиваль Алма-Арасан шатқалындағы ат спорт клубында өтіп жатыр.   Аталған клубта жылқыларға барынша жағдай жасалған.  

«KazEqui-2017 — бұл ерекше шоу. Орталық Азиядағы бірегей көрме. Мұнда асыл тұқымды жылқы бағатындар ғана емес, сарапшылар, жылқы индустриясының өндірушілері, осы спорт түрінің өкілдері бас қосады», — дейді клуб жетекшісі Марина Буканова.  

KazEqui-2017 фестивалінде іскерлік кездесулерден бөлек отбасылық демалыс түрлері қарастырылған.   Жас ипполог үйірмесі, понимен серуен, отбасылық квестке қатысуға мүмкіндік туады.  

Кешкісін жылқылардың қатысуымен спектакльдер, түрлі тұқымға жататын жылқылардың шеруі ұйымдастырылады.  Келушілер әлемдегі ең ірі Шайр тұқымдас жылқылардан бастап ең мәстек жылқыларға дейін көре алады.

Сонымен қатар Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең кішкентай жылқы американдық Гулливер де келді.  

«Соңғы уақытта Қазақстанда жылқы спорты ерекше қарқынмен көтеріліп келеді. Халықтың жағдайы жақсарған сайын таза тұқымды жылқы бағу да пайдалы инвестиция құралына айналуда. Қазақстанда жылқы иесінің мәртебесі жоғары. Сондықтан қазақтардың арасында жылқыға қызығушылық бұрынғыдай артып келеді», — дейді кәсіби жылқы өсіруші Игорь Бочкарев.  

Айта кету керек, жылқы фестиваліне кіру билетінің құны 1 күнге 5000 теңге, 12 жасқа дейінгі балалар тегін кіре алады.    

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!