Жамбыл облысында жылқылардың неден қырылғаны белгісіз

1506259768_article_b_1500_

Өткен аптаның соңында «Жамбыл облысында жаппай мал қырылып жатыр» деген жаманат хабар тараған еді. Ақпараттың шығуына Қаратау қаласы маңындағы ауыл тұрғындарының бағымындағы 11 бас жылқының белгісіз себептен арам өлгені негіз болған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Оспан Бердияровқа хабарласқан едік.

– Оқиға орнына барып, жағдайды өз көзіммен көріп келдім. Талас ауданының әкімі Досмаханбет Әлиевпен бірге Қаратал қаласының тұрғындарымен кездестік. 11 бас жылқы сол маңдағы өзен суын ішкеннен кейін уланып өлген болуы мүмкін. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге ешқандай жұқпалы аурудың белгілері анықталған жоқ, – деді басқарма басшысы.

Ал мал иелерінің айтуынша, жылқылардың жаппай қырылуы алғашқы оқиға емес екен. Сол маңнан өзен суына бас қойған үй жануарларынан бөлек, жабайы аң-құстың да өлексесі де жиі табылады екен. Жергілікті жұрт «Алтын көл» атап кеткен өзен суы Қаратау қаласында орналасқан химиялық өнімдер зауытының қалдықтарымен ластануы мүмкін деген болжамдар бар.

Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>