Қазақстанда қанша жылқы бар?

11301

2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елімізде 2,4 млн бас жылқы бар. 2016 жылы жылқы малының саны біршама артты. 2015 жылмен салыстырғанда 9,1 пайызға өсіп, 2 259200-ді құраған болатын. Биылғы көрсеткіш төмендегідей. Бұл мәлметтер Argymaq.kz порталының арнайы сұрауы бойынша ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің мәлметтері негізінде дайындалды.

Дегенмен қазақ даласы жылқының отаны болған деп мақтанғанда сондаймыз, әлі күнге жылқымыздың саны 3 млн-ға жеткен жоқ.

Сонымен еліміз бойынша жылқы саны жағынан топ бастап тұрған Шығыс Қазақстан облысы.

Шығыс өңірі жылқы шаруашылығының барлық саласында жетекші рөл атқарып отыр. Мысалы ет бағытындағы жылқы саны – 118 200 басты құраса, сүт бағытындағы қылқұйрық – 149 200-ге жеткен. Ал мұнан бөлек мініске, спорттық ойындарға, т.б. саладағы жылқы саны – 309 900 басқа жетіп, қазір облыста жалпы саны 600 мыңға тарта жылқы бар.

Еліміз бойынша жылқы санымен екінші орында Алматы облысы жайғасқан. Жер жаннәті Жетісудың барлық жылқысы 500 мыңнан асып жығылады. Бұл өңірде ет бағытында — 168 100 бас жылқы өсірілсе, сүтті биелердің саны — 117 800 басқа жетіп отыр. Дегенмен сүт бағытындағы жылқы саны Қарағанды облысына жетпей қалыпты. Сарыарқаның салқар төсіндегі сүтті биелердің саны — 138 600 бас. Ал Алатаудың бөктерінде сүт пен еттен басқа салада — 285 900 жылқы бар.

Қазақтандағы жылқы санының көптігі бойынша алғашқы үштікті Оңтүстік Қазақстан облысы түйіндеп тұр. Мұндағы ет пен сүттен басқа бағыттағы жылқы саны — 272 200. Ал ет үшін өсіріліп отырған жылқы – 165 500 басқа жеткен. Сонымен қатар, ОҚО сүт бойынша алғашқы төрттікке түсіп қалған. Алдыда ШҚО, Алматы мен Қарағанды облыстары бар. Жетісудағы желіні жер сызған мама биелердің саны – 106 700.

Ұлы даланың төсін төрт тұяғымен дүбірлеткен қылқұйрықтардың саны бойынша алғашқы бестікке Қарағанды мен Ақмола облысы жайғасыпты. Қарағанды облысы бойынша ет бағытындағы жылқы – 125 300, сүт бағытында – 138 600, ал басқа жылқылар – 263 900 бас.

zhylky-sany

argymaq.kz

4 comments

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!