Оралда атты полицейлер өз жұмысын бастады

oral

БҚО ішкі істер департаментінің жанынан атты взвод ашылып, іске кірісті. Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, саяжай аумақтарындағы қиын жерлерде қоғам тыныштығын сақтау мақсатында атты взвод құру туралы шешім 2015 жылдың желтоқсан айында облыстық мәслихат сессиясында қабылданған болатын.

Биыл соған сәйкес жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жол-патрульдік полиция батальонының атты взводы үшін көшім тұқымдас 25 жылқы сатып алынды. Әр ат осы қызметке бейім полицейлерге бекітіліп, атқорада ұсталады. Полиция қызметкерлері сәйгүліктерін баптап ұстап, қызметке шығар алдында жуындырып, тазалайды. Аттарды қызметке дайындап, оларды жарық, дыбыстарға бейімдеу мақсатында оқу-жаттығу жиындарына қатыстырады. Бір мезгілде алты ат сыятын автокөліктер жылқыларды қызмет орнына жедел жеткізе алады. Аттардың денсаулығын бақылайтын мал дәрігері де жұмыс жасайды.

oral1

Орал қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция подполковнигі Мүсілім Жәрдемовтің айтуынша, шаһар төңірегіндегі Жайық, Деркөл және Шаған өзендерінің аралығында 16 мың саяжай учаскесі мен 150 саяжай қоғамдастығы орналасқан. Осындай қиын жерлерде түрлі қылмыс жасалады, адамдар маскүнемдікке салынып, бұзақылыққа барады, саяжайлар тоналады. Оларға автокөлікпен немесе жаяу жету қиын, сондықтан атпен жүріп, бақылау қолайлы.

Сонымен қатар атты взвод жаз кезінде Желаев, «Карьер», «Сая» аудандарындағы жағажайларда, қалалық мәдениет және демалыс саябағының веложолақ бөлігінде, көпшілік шаралар өтетін жерлерде адамдар тыныштығын күзете алады.

Естеріңізде болса, бұған дейін Астанадағы атты полицейлер жайлы жазған болатынбыз.

inform.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>