108-ге келген қария көп жасаудың құпиясы атқа мінуде екенін айтты

duzenov

Шалқар ауданының Бегімбет ауылында облыстағы ең қарт адам тұрады. Жұрт Қарашолақ деп атайтын Құдайберген Дүзімовтің жасы 108-де. Құжатында 1909 жылдың 9 мамырында туған деп таңбаланыпты. 

Біз барғанда қария өз бөлме­сін­де демалып жатыр екен. Көз­ге бірден төрде ілулі тұрған мыл­тық түсті. Біз көріп жүрген көп қа­рудың бірі емес. Кейін біл­ге­німіздей, бұл атақты Жарас мер­­геннің мылтығы болып шық­ты.

Қарт әлі қуатты екен. Ақыл-есі түзу, сөзі нық. Тек құлағы то­саң­­дау. Аяғы ауыратындықтан би­­ыл көп жерге барудан қалыпты. Таң­­дап барады екен.

Соғыс кезінде Мәскеу түбін­де­гі әскери зауытта жұмыс іс­те­ген. Немістер өте құпия ұсталған орынды біліп қалып, бомбалағаннан кейін зауыт үшке бөлініп, қазақ жеріне көшірілген. Соның бірі Балқаш қаласында орналасқан. Қария сонда жұмыс істепті. Соғыс біткеннен кейін де бұларды бірнеше жыл алып қал­ған.

Елге келгесін біраз жыл ұжым­шарда ұста болып еңбек ет­к­ен. Көрігі әлі күнге дейін бар. Кей­ін «Айшуақ» кеңшарында қой бағыпты.

– Бертінге дейін атқа мінгенді жақсы көріп тұрады. Тоқсаннан асқан шағында екеуміз бір күн атпен жүріп, жоқ іздедік. Мен ертеңіне аяқ-қолым салдырап, белім ұйып, түкке жарамай қалдым. Бұл кісі былқ еткен жоқ, – дейді баласы Жұмағұл.

«Мен – Алланың сүйікті құ­лы­мын».

Бұл – қарияның жиі ай­татын сөзі. Расында да, неше түрлі заманды бастан кешіп, аман өткен кісі ғой. Бір қызығы, жаз­ғытұрым қойшыларды кө­шіргенде, басқалар жауын-ша­шынның астында қалып жатқанда, бұл кісінің кезегі келгенде, аспан шайдай ашылатын көрінеді. Жүзден асу да екінің біріне бұйыра беретін бақ емес. Оның үстіне ұрпақтары алақа­ны­на салып бағып отыр.

Суретке түсірмек болып, орын­­­­дыққа отырғызып жат­қа­ны­мыз­да, атамыз: «Өй, атқа мін­бе­ге­н соң бәрі бекер ғой…» деп қал­ды. Күліп жатырмыз. Шіркін, кө­ңіл.

Жұмағұлдың айтуынша, әкесі үне­мі: «Қазаныма арам ас түс­пе­сін…», деп отырады екен. Кейбір балдыздары келіп: «Мені таныдың ба?», дегенде қулана күліп, әлгілерге әдемі әзіл айтатын көрінеді.

Біздің дерек: облыстық статистика басқармасының мәліметі бойынша өңірде 100-ден асқан 53 тұрғын бар.

Енді мылтыққа келейік. Құ­дай­берген атамыз Жарас мер­геннің тікелей тұқымы. Жұ­мағұлдың куәлік етуінше, қа­ра­дан хан шыққан Қалдыбай Қарақалпақты билеп тұрған кезінде, бір топ жігітті шақыртып алып, сынағанда, қай тұста да Жарастың мерейі үстем болып шыға беріпті. Сонда сыйл­а­ған мылтығы екен.

Жарас осы мылтықпен анау бір қиын жылдар­да рулы елді баққан. Бұл күн­де құнды жәдігерге айналған от­ты қару бірнеше ғасыр бойы ұ­рпақтан-ұрпаққа ауысып, Құдайберген қарияға жеткен.

Кетерде қария бізге батасын берді. Бастысы, ел аман болсын дейді. Қабыл болғай!

Bauyrzhan B.Бауыржан Бабажанұлы, журналист

egemen.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>