Жылқыға қатысты жұмбақтар

37660

Алды қияқ, арты шалғай.
(Аттың жалы)

Алдында екі аяғы,
Артында бір аяғы.
(Шідер)

Алмастан тыным,
Шабады …
(Құлын)

Алты аяқты, төрт көзді,
Екі ауызды, бір көзді.
Ынтымақ үшін ел кезді.
(Атқа мінген адам)

Ана тау мен мына тау соғысып келеді.
(Аттың төрт тұяғы)

Аппақ су – дәмі тәтті,
Ішсең сусын қандырады,
Шөлдегенде қатты.
(Қымыз)

Атам илеп қайысын,
Қажет құрал тіледі.
Атқа, асау тай үшін.
(Жүген)

Аттан биік, қойдан аласа
(Ер-тоқым)

Аттан биік, иттен аласа
(Ер-тоқым)

Аяғы бар, өздігінен жүрмейді,
Жүру үшін біреу келіп сүйрейді.
(Ат арба)

Аяғыңнан алады,
Көтеріп ерге салады.
(Үзеңгі)

Әрі сусын, әрі дәрі,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті, елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі.
(Қымыз)

Балдыр-балдыр басынан алыпты,
Тәңірберген тамағынан алыпты.
Құдайберген құйырығынан алыпты,
Ең мықтысы белінен алыпты.
(Жүген, сағалдырық, құйысқан, тартпа)

Басы жоқ, төрт аяқты жансыз бір зат,
Құлағы жоқ, көзі жоқ бейне ол ат.
Жүк артсаң белі тағы майыспайды,
Құйырық-жалсыз ол неткен меңіреу зат.
(Ат арба)

Бетегелі белге бітем,
Найза ұстаған ерге бітем.
(Жылқы)

Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,
Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.
Тып-тыныш өз жәйімен тұрмаған соң,
Байлаған екі жақтан тесіп құлақ.
Ойнақтар ор текесі ортасында,
Денесі басқалардан ұзынырақ.
(Қымыз, саба, піспек)

Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона пайдасын біліп алдым.
(Қамшы)

Бір күмбездің ішінде мың күмбез.
(Таға)

Бір нәрсе бес буынды тиегі бар,
Темірден сылдыраған иегі бар.
Болғанда бірі қолда, бірі белде,
Адамға да, атқа да керегі бар.
(Жүген)

Бір нәрсе бес буынды тиегі бар,
Темірден сылдыраған иегі бар.
Сабағы бірі қолда, бірі белде,
Адамға жүрген-тұрған керегі бар.
(Жүген, тізгін, ауыздық)

Бір нәрсе бес буынды, тиегі бар,
Темірден салбыраған иегі бар.
Болғанда бірі қолда, бірі белде,
Адамға әрқашанда керегі бар.
(Жүген)

Бір нәрсе екі аяқты, бөксесі жоқ,
Қолы бар, белі нәзік, кеудесі жоқ.
Тамаша ұстағанын жібермейді,
Әркімнен қуаты артып, көңіліне тоқ.
(Шідер)

Екеуі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді.
(Аттың екі құлағы мен төрт аяғы)

Екі темір, бес ілгек,
Ортасында селкілдек.
(Жүген)

Ербегей де сербегей,
Иесіз үйге кірмегей,
Атсыз сірә жүрмегей.
(Ат арба)

Жамаулары болса да тесігі білінбейді.
(Шұбар ат)

Жамаулары болса да білінбейді,
Жансызға ондай нәрсе ілінбейді.
(Ала жылқы)

Жамауы бар тігінсіз,
Киімі қалың жамылар.
Жыртығы жоқ, еш мінсіз,
Ала-құла тоны бар.
(Ала жылқы)

Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етімін – тағаммын.
(Қаз бен қазы)

Жәндікке барып жабысар,
Асаумен де алысар.
Бағыт сілтеп адамға,
Көмекші болып алысар.
(Жүген, ноқта)

erzhan-zhaubaiҚұрастырған Ержан Жаубайargymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!