Нұрғайып Қапсәметұлы. Жирен тулақ

6662

Бүгін аспанды бұлт торлап, күннің көзі киіз үйдегі әлсіз жанған шамдай шауағын шаша алмай алакөлеңкелеп батты.

Көршілер кешеден бері жоғалған малдарын іздеп әбігерде жүр. Бірі тағы да соның істеген қылығы десе, Байқара «қойшының салғырттығы» деп аузынан ақ көбігі атқылап, қасындағылардың жеті атасын жездей қақтап, балағаттап қояды. Ал көктемге көтерем боп әрең жеткен арық тоқтылардың әлдеқашан май боранның астында қалып өлгенін сезген ешкім жоқ.

Жантудың далада адасып кетпей, боранда үсіп өлмей, жирен биені аулға зорға жеткізгенінде Байқараның шаруасы жоқ. Оның санасында әр тоқтының жемтігі – желге ұшқан отыз мың теңге болып қана елестейді. Ал шын мәнісінде жирен бие де жазым болса Жантудың жонынан таспа тілінері анық еді.

Байқара жеті жыл тумаған жиренді мақтаған сайын достары мазақ қылады. Ал Байғараның жиреннің түбінде бір тұлпар туарына сенімі мол. Содан болар, соңғы кезде сәуір туа жиренді ауылдан тым алысқа жібермей бақылайтынды шығарды. Бұл жолы жирен шынымен буаз болатын. Жирен биенің ендігі жерде бақылаушысы Байқара байдың үлкені ұлы Бекбол еді. Күн сайын мектептен келген соң, ауыл сыртында жайылып жүрген биені қадағалауды әдетке айналдырғанына міне, үш аптадай уақыт болды.

Көктем кеші қашанда ауыл тірлігін абыр-сабыр қылып жібереді. Қыстан жамбасын көтере аламай шыққан арық-тұрақтарды түгендеумен жүріп Бекбол биені бақылап келуді мүлдем естен шығарды. Қырсыққанда әкесі де күндегідей тақымдап, биеге барып, байқап кел деген жоқ еді. Ұлына сенді ме, әлде ертеңгі қалаға апаратын айран-сүттің есебін шығарам деп жүріп ұмытты ма, ұлыннан әйтеу сұрамады. Кешкі асқа отырғанда барып, биылғы малдың қоңы мен жай күйі жайлы ұлымен ақылдасып, аудан орталығынан тағы біраз талғажау ететін жем әкелу жоспарын құра бастады. Кенет сырттан көрші Қадырдың «сүйінші, Байқара!» деген дауысын естіп, үй іші тегіс құлағын түріп, бір сәт тына қалды. Үйге асығып кіріп келген Қадырға, «сүйіншіңді ал, отала келентіндей не жай?» — деп Байқара сұсты жүзімен қарады. Қадыр екі өкпесін қолына алып, ентігін баса алмай «жирен бие, жирен бие» дей берді. Мына түрімен ештеңе айтып жарытпайтынын білген Байқара, «Әй, қатын, мынаған су берші ентігін бассын, әйтпесе кекештің тілін ұғар емеспін» — деп, сол баяғы қытымырлығына басты.

— Әй, Байқара, сенің ана тұмса жиренің өзінен аумайтын жирен қасқа еркек құлын туды. Қазір барып әкелмесең көктемнің аңызғағы өкпесіннен өтіп кетер.

Байқара жан-жағына қарап, «әй айтпадым ба ол құлынадйды деп, сен болсаң мені келемеждеумен болдың, ұялмай енді сүйінші сұрап тұрсың ғой» — деді жүзі жылып.

— Маған сенің сүйіншіңнің қажетіде шамалы.

— Олай деме, менікі қалжың, не қаласаң осы үйде сенікі, қатын баламнан басқасы, — деп күлді. Бұл Байқараның көптен күткен қуанышы, көптен күткен араман болатын. Байқара өткенде ту құнажынға айырбастап алған алқызыл «Москвичін» от алдыруға далаға шығып кетті.

 ***

 Осы үш жыл ішінде Жиренқасқа ауыл халқының аузынан түспейтін болды. Бірі шынымен жүйрік боларын қалай сезді қуың деп таңқалса, енді бірі осындай тұмса биеден жүйірік туары ықылым заманан бері бар дейді. Олардың таңқалатын да жөні бар. Ел іші болған соң азынаулақ той-томалақ болып тұратыны заңдылық емес пе. Сондай бір тойда ат бәйгесі болатынын естіген Байқара құнанын оншақты күндей биенің сүтімен суарып, күндіз аз отатып, түнде қаңтарып жарата бастаған. Алайда жиерен құнан өзіде үнемі жарап жүретін, үсітне бала отырса болды ауздығымен алысып, азынаған желмен жарысып арқасы қозып шыға келетін. Көп күткен той да басталып, ауылдың әр саласынан жал-құйрығын түйген бірілі-екілі жүйріктер жарыс болатын бәйгетөбеге келе бастады. Көптің бірі болып Байқара мен ұлы Бекбол да құнанын жетелеп келді.

Өзге жүйріктердей емес жирен құнан нағыз Абай сипатаған қазақы сәйгүліктің өзіндей болып көрінді халықтың көзіне. Қырсық болғанда құнан бәйгеге келген жиреннен басқа еш қандай құнан жоқ боп шықты. Алайда дөнен бәйгесіне алыс-жақыннан ұзын саны он бір дөнен келген екен. Байқара бірге келген ағайындарымен ақылдаса келіп, құнанды дөнен бәйгесіне қосуды жөн көрді. Бұдан бірінші келеген сәйгүлік аудан орталығында өтетін аламанға апарылатыннын бәйгені ұйымдастырушылар ескертті.

Он бес шақырым жерге дейін ат айдаушылар еріп барып, барлық шабандозды бір қатарға тұрғызды. Осы кезде ат айдаушылардың бірі тұрқы қысқа, пәкене ғана жиренге қарап, «әй бала, есегің он бес шақырымға ертең жете ме?» — деп кекетті. Өзінің жүйрік деп мініп келген құнанын келеке қылған жігітке алара қараған Бекбол, «кімнің қашан жетеріне қазір өзің куә болсың!» — деп жақтырмай сөз қайтарып тастады.

«Дайындал!» деген пәрмен үні шықты, ал аттаныңдар дегенді естімей, делебесі қозып тұрған шабандоздар, мылытықтан атылған оқтай зу ете түсті. Бекбол да көптен қалғысы келмей қолындағы қамшысын жиеренің саурына дыз еткізіп осып жіберді. Бірден атылып алдыға шыға алмады. Алдында талай додаға түсіп үйренген әккі шабандоздар бір-бірлеп суырлып шығып жатты.

Ауыл адамдары болса топ-топ болып алып, өздері ананың кер дөнені келеді, мынаны құласы келеді, жоқ торысы келеді деп өз бетінше даурығып жүр. Ал Байқара ұлымен жиреннің тілеуін тілеп, қолындағы дүрбісімен шаң шығар жаққа әлсін-әлсін қарап қояды.

Бекбол да әке сенімін ақтауға тырысып-ақ келеді, міне құланың қасынана өттім, кері дөненге жеттім, торы алдымда деп санап отырып он дөненді артта қалдырды.

Егіннің шетінен будақтап шаң да шықты. Байқара дүрбісімен тағы да жолды бағып қадағалай бастады. Алдыда торы мен жирен келеді. Біресе жирен алға шықса, енді бірде торы сытылып шығады. Көмбеге де таяп қалды. Бекбол еңкейіп барып жиреннің жанарын сүртіп, тыныстатып алып, тағыда қамшы басты. Оқ бойы ұзап кеткен жиренді қуып жету – торыға енді тек араман болып қалды. Осылай Байқараның жирені дөнен бәйгесінде бас бәйгеге тігілген, екі тоқты, бір бұзауды қанжығасына байлады. Байқара бөркін аспанға аттып балаша қуанды. Қасындағы адамдарға «сендер мұны жабы деуші едіңдер, ал аузыдарыңа құм құйды ма?» дегендей кекесін көзімен сүзе қарайды.

 ***

 Өткенде жирен ауданнан екінші орын алып келген соң, ауылдың табыншысы мінетін басқа аты болмаған соң құнанды жайлауға алып кеткен. Барғанына он күн болмай жаттып, құнаның тебінніне шыдамай ауып түсіп айғын сындырып алды. Осы оқиға әсер етті ме, құнанға қатты кектеніп алды. Тіпті малдан келген соң суатқа апарып суаруды да қойды. Кейде оны таң асырып қаңтарып тастайтынды шығарды. Бұны өзі құнаннан алап жатқан кегім деп білді. Алайда жирен қасқа құнанға істеп жатқан қиянаты екенін кеш түсінді. Бірақ енді бұрынғы бабына келтіру тым кеш еді. Қыстай қораға қойып сұлымен жемдеді, қаншама дәрі екті. Бойына шыр біткенімен, Құнаның бұрынғы аузыдықпен алысып ойқастайтын күндері алыс қалды.

Ақыры қабырғасымен ақылдаса келе, жиернді етке тапсыру керек деп шешті. Қаладағы ет алатын алыпсатарларға хабарласып, науырыздың бесі келіңдер дегенді соңғы байлам қылып айтты. Ол күнде ұзамай келді. Алыпсатрлар гүр-гүр еткізіп Газелмен келді. Байқара құнанға бір қарап, ұлына бір қарап әбден қиналып тұр. Бір жағынан мал өсірем деп алған кредиттің де уақыты келіп, жүйкесіне әжептәуір саламақ салып жіберді. Сарайдан құнанды жетектеп шығып келе жатқан ұлына қарап, «менің өлігімді арқалап келе жатқан жоқсың, тездет!» — деп жекіп қалды. Қас пен көздің арасында, аш қасқырдай жалақтап келген ағайынды екі алыпсатар құнанды жәркемдеп, етін бұтарлай қойды. Таразыға салып, еттің салмағын өлшеп, Байқараның қолына бір бума он мыңдықты ұстата салды. Қолына ақша тигенде, жиреннің жүйріктігі есінен шығып, мұртынан жымыңдап, саусағына түкіріп қойып санауға кірісіп кетті.

Газел ыңыранып орнынан қозғалғанда, жиренге оқылған азалы жыр боп естілді құлағына. Терісін апарып сырғауылдан салынған сарайдың қабырғасына шегеледі.

Осылайша жирен бір күнде тулақ болып қала берді. Байқараға бұдан кейін жылқы баласы құтаймады.

nurgaiypНұрғайып Қапсәметұлы, argymaq.kz

Негізгі сурет: ebay.com

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!