Жылқы түсі (ФОТО)

30316

Қазақ жылқысының түсі туралы әркім әр түрлі айтады. Ал шын мәнісінде жылқы екі-ақ түрлі болады. Баран және қылаң. Қылаңға – ақ, көк, боз, сұр, сары, бурыл, бөрте, құла т.б. жатса, баранға – қара, торы, шабдар, жирен, күрең т.б. жатады.

Белгілі этнограф, марқұм Жағда Бабалықұлы жылқы түсіне қатысты 250-ге жуық өңді атаған екен. Ал қазақ сөздік қорында жылқы түсіне байланысты 400-ге жуық сөз  бар дейді. Ал танымал жылқытанушы Қайрат Исхан жылқы малының түсіндегі негізгі ерекшеліктерді  тарқатып берген еді. Жылқы түсін баран және қылаң  деп тарқатуда Ахмет Тоқтабайдың еңбектерін айрықша айтып өткен жөн.

Бүгін сіздердің назарларыңызға жылқы түсіне қатысты суреттер ұсынып отырмыз. Бұл суреттердің негізін Солтой Тургудин есімді Таулы Алтай өлкесінің азаматы жасаған. Ол алтай тілінде жылқы түстері қалай аталатынын берген екен. Соның негізінде біз қасына тірі жылқының бейнесін қойып, түсініктірек болсын деген ниетпен беріп отырмыз.

Әрине, кем-кетігі болуы мүмкін, ұсыныс, пікірлеріңізді айта отыруларыңызға болады. Сонымен қатар, бұл суретте жылқының барлық түсі қамтылмағанын ескертемін.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!