Әлемде теңдесі жоқ қазақы технология

keshki-sauyn

Бұл әлемдегі баламасы жоқ ұлттық технология. Әлемдегі бірде-бір технология экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, медициналық және рухани өлшемдері бойынша бәсекеге түсе алмайды. Бұл технологияны біздің бабаларымыз осыдан 7 мың жыл бұрын даланың жабайы жылқыларын (тарпаңдарды) қолға үйреткенде жасаған. Ұлттық технологияның ерекшелігі шетелдік мамандардың импорттық технологиясына, малдарына және шикізаттарына тәуелді емес. Үйірлі жылқы шаруашылықтарына жем-шөп дайындалмайды және арнайы қоралар салынбайды, себебі, олар жыл он екі ай далада жүреді. Бұл технология ұлтымыздың құндылығы, бабаларымыздың аманаты, сол себептенде біз ата-кәсібімізді көзіміздің қарашығындай сақтауға міндеттіміз.

Шипалы қымызды табиғи жағдайда өндіру, бұл біздің көне заманнан келе жатқан ұлттық технологиямыздың нәтижесі. Жылдың төрт мезгілінде сауын биелердің көктем, жаз, күз айларында соңынан еріп жүріп өндірілетін қымызды шипалы қымыз дейміз. Үйірлі жылқының биологиялық ерекшеліктерінің арқасында, біз экологиялық таза, экономикалық жағынан өте тиімді бие сүті мен жылқы етін өндіру ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ата кәсібіміз.

Жылжымалы қымыз фермасы мал шаруашылығындағы табиғаттың тепе-теңдігін қаз-қалпында сақтай алатын, экологиялық мәдениеттіліктің түпнұсқасы. Әлемдегі ғылыми жетістіктің нәтижесіне ие болған жер бетіндегі ең теңдесі жоқ озық технология, ұлтымыздың асыл қазынасы, бабаларымыздың аманаты.

Ал экономикалық тиімділігін басқа мал шаруашылықтарымен салыстыратын болсақ, үш мың бас жылқыны бағатын жылқышылар мен жұмысшыларға баспана салу, жылқыларға қора салу, жем-шөп дайындаудың еш қажеттілігі жоқ.

Қымыз өндірудің екі әдісі бар.

Біріншісі, көктем, жаз айларында бие сүтін өндіретін, екінші әдіс жыл он екі ай қызмет істейтін қымыз фермалары.

Бие сүтін өндіру көктем, жаз айларында сиыр сүтін өндіруден 15 есе арзан, қыс айларында 18 есе арзан. Бұндай алшақтықтың басты себебі сиыр сүтін өндіретін фермалар еш уақытта өндірілген өнімнің шығынын жаба алмайды. Сол себептен үкімет сиыр сүтінің 55-60 пайызын датация арқылы шығындарын жыл сайын жауып отыруға мәжбүр. XXI ғасырдағы адамның ағзасына өте зиян жасанды сүт өнімдерінің түр-түрінің қаптап кетуі табиғи таза сүт өнімдерінің қымбатшылығы мен тікелей байланысты.

Салыстыру ретінде айтатын болсақ, 150 бас сауын сиыры бар бір ферманың шығыны 2-2,5 млрд теңгеге, аумағы 5 гектар жерге сүт өндіретін кешен салу қажет. Бұның сыртында шетелден сүтті сиырдың біреуін 17-18 млн теңгеге алып келуіңіз керек. Сонда 150 сиырды алу үшін 2 700 000 000 (екі млрд жеті жүз миллион) теңгеге шығындаламыз. Шетелдік технологияның бір кешеніне біздің үкімет 4-4,5 млрд қаржы жұмсауға мәжбүр. Осындай қымбат кешен бар болғаны 15-18 адамды жұмыспен қамти алады. Сол себептен де бұндай қымбат кешендердің өзін-өзі ақтауы 15-20 жылға созылады. Ал өнімдері экологиялық тазалығы жөнінен сын көтермейді. Шығынның ұзақ жылдарға созылуының тағы бір себебі, шетелдік сиырлар өз елінде тәулігіне 150 сиыр 4000-4500 литр сүт береді. Ал біздің елге келгеннен кейін бұл сиырлар тәулігіне 3400-3825 литр сүт береді. Осы 10-15 пайызға сүтті төмен беруінің себебін шетелдік сиырлар біздің жерімізге, суымызға жерсінбеуінен болады.

Экономикалық тиімділікті біздің бабаларымыз мал шаруашылығы бойынша өте ерте заманда жақсы зерттеген. Экономикалық тиімділікті төрт түлікпен салыстыратын болсақ, үйірлі жылқы шаруашылығы шошқа шаруашылығынан 23-25 есе, ірі қара шаруашылығынан 13-15 есе, қой шаруашылығынан 3,5-5 есе, құс шаруашылығынан 2,5-3 есе тиімді болады.

Бірінші кесте

5 жылдық кіріс кестесі (мың теңге)
Атаулары Жылдары
2017 2018 2019 2020 2021
Өткізілген өнімдердің кірісі 273240 282740 291500 307500 316200
Түсім 273240 282740 291500 307500 316200
Өндірілген өнімнің өзіндік құны 26 443 29 589 33112 37058 41478
Тікелей шығындар (еңбекақы, мал азығы) 26 215 29 361 32 884 36830,19 41249,81
Қосымша шығындар 228 228 228 228 228
Жалпы пайда 246797 253151 258388 270442 274722
Салыққа дейінгі кіріс 246797 253151 258388 270442 274722
Жеке кәсіпкердің әлеуметтік салығы және табыс салаға 7404 7595 7752 8113 8242
Таза пайда 239393 245557 250636 262329 266481
Кумулятивті таза пайда 239393 484950 735586 997915 1264395

 Осы ойыды дәлелдейтін мына бір ғылыми деректі тарихымыздың тереңінен келтірсек еш қателеспейміз. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген ұғымды дұрыс түсінуге талпынайық. Біздің бабаларымыз қаншама елдерден бейбітшілікті сақтау үшін әділ сауда-саттық жүргізу үшін қаншама қиындық көрсе де өз ұлтының құндылықтарын еш уақытта да ұмытпаған. Сондықтан да ұлттық технологияның маңызын жете түсіну үшін өзіміздің отандық тауар өндірушілерді қолдауымыз ұлттың болашағы деп біліңіз.

Тоқсан ауыз сөзді түйіндей келе, өзіміздің ұлттық технологиямыздың ерекшеліктері мен экологиялық, экономикалық жағынан салыстырмалы түрде қарап көрейік.

Бірінші әдіс, көктем, жаз айларында бие сүтін өндіретін қымыз фермаларын құру үшін 120 сауын биеге – 36 500 000 (отыз алты миллион бес жүз мың) теңге қажет. Шыққан қаржының өтелу мерзімі 13-14 айды құрайды. Бір сөзбен айтқанда екі жылдың ішінде толық ақталады. Ал 120 биесі бар бір қымыз фермасы 150 адамға жыл он екі ай тұрақты жұмыс орнын аша алады.

Екінші әдіс, жыл он екі ай үздіксіз бие сүтін өндіретін қымыз фермасы 120 биеге арналған. Бұндай фермаларды құру үшін 350-400 миллион теңге қаржы қажет. Себебі, күз және қыс айларында биелерді арнайы салынған қорада сауу керек. Сол себептен де бұндай фермалар бөлінген қаржыны толық ақтау мерзімі 7-8 жылдай уақытты қажет етеді.

Осы технологияның екінші ерекшелігі мал шаруашылығынан өндірілетін өнімдерді, қалдықсыз технология әдісімен терең өңдеу жұмыстарының атқарылатындығында. Себебі техниканың соңғы үлгідегі жетістіктеріне сүйене отырып жасалған технология. Барлық жұмыс процесстері автоматтандырылған, энергия көзін алу күннің және желдің күшімен өндірілетін құрал жабдықтардан тұрады.

Үшінші ерекшелігі біздің бабаларымыз осыдан 55-60 ғасыр бұрын бие сүтін қалай өндірсе, бізде сол кездегі табиғаттың заңдарына қайшы келмейтін әдісін ұстанудамыз. Бір сөзбен айтқанда, біздің өндірген азық-түліктеріміз әлемдік стандартқа жатады. Осы жылжымалы қымыз фермасының тағы бір артықшылығы, сауын биелер үй жануарларының бара алмайтын жайылым алқаптарында, басқа малдармен еш байланыссыз болғандықтан жұқпалы аурулардың біріне де бой алдырмайды.

Осы технологияны жалпы республикамыз бойынша енгізетін болсақ: біріншіден жұқпалы ауруларды 55-60%-ға дейін төмендететін мүмкіндікке ие боламыз. Екіншіден үй жануарлары (ірі қара, қой, ешкі) бара алмайтын жайылым алқаптарын қалпына келтіріп және тиімді пайдаланамыз. Үшіншіден Қазақстандағы жылқы санын 15,2 миллионға дейін жеткізе аламыз.

Еліміздің игілігін арттыру мақсатында, экологиялық таза өнімдерімізді экспортқа шығарып үкіметтің валюталық қорын толықтырамыз.

Республикамыздың 14 облысындағы барлық аудандардың орталықтарынан адамдарды сауықтыру шипажайларын, ұлттық ат спортын және аттылы туризмді қоса дамытуға мүмкіндік болады.

 120 биеге арналған жылжымалы қымыз фермасының штаттық кестесі

Екінші кесте

Лауазымдар Бірлік
1 Ферма меңгерушісі 1
2 Зоотехник-селекционер 1
3 Мал дәрігері 2
4 Электрик 1
5 Инженер-наладчик 1
6 Жылқышылар 6
7 Биелерді тоқпен сауатын операторлар 3
8 Қымыз шебері 1
9 Зертханашы 1
10 Техничка 1
11 Механизатор 4
12 Автокөлік жүргізуші 3
13 Жұмысшылар 5
14 Ұлттық ат спортының мамандары: бапкерлер 8
15 Аттылы туризмнің инструкторлары 4
16 Жылқы терапиясы мен шипалы қымыз менеджері 15
Барлығы 57

Осы екінші кестеде көрініп тұрғандай мамандықтар бойынша әрбір елді-мекеннен осындай тұрақты жұмыс орындарын ашу өзіміздің қолымызда. Республикамыздағы барлық облыста игерілмей жатқан жайылым алқаптары жеткілікті. Осы үйірлі жылқы шаруашылығын дамыту арқылы, ұлан байтақ даламыздың экологиялық ахуалын да оңтайландыруға қол жеткіземіз. Бұл біздің ұлтымыздың болашағы.

Бүгінгідей әлемдегі ірі қалаларда жұмыссыздық шарықтап тұрған шақта, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың моноқалаларды дамыту стратегиясын қолдайтын технология деп толық қанды айта аламыз.

Бұл біздің ұлттық үйірлі жылқы шаруашылығымыздың бүкіл Қазақстан бойынша 550-600 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтитын мүмкіндігіміздің бар екенін ешкім де жоққа шығара алмайды. Себебі жылқы шаруашылығында жұмыс істейтін жұмысшылар аусымдық (вахтовый) әдіспен жұмыс істейді. Ал еңбек ақылары қала тұрғындарынан әлде қайда жоғары.

«Жылқы баққан адамның еңбегінің бағы бар» деген қанатты сөз тегін айтылмаса керек.

Қорытындылай келе, қазақтың үйірлі жылқы шаруашылығы болашақта ғылыми жетістіктерге негізделген технологиялардан тұратын баламасы жоқ, өзін-өзі қаржыландыра алатын технологияға айналады.

Мәңгілік елдің болашағы тек ғылыми жетістіктерге негізделген технологиялар арқылы жасалады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Биотехнология. Теория и практика №2, Астана – 2009 г.
  2. Методические указания – Определение экологического состояния объектов агропромышленного комплекса. Алматы – 1996.
  3. Тезисы докладов Всесоюзного научного совещания – Современное состояние и перспективы развития научных исследований по коневодству. ВНИИК – 1989.

Сәукенова Мөлдір Максимовна «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушысы ҚазИТЖУ Орал қаласы

Нұрғалиева Балсерке Мұратовна «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушысы, магистр ҚазИТЖУ Орал қаласы

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>