Қазақстанда алғаш рет «Ұлы дала рухы» фестивалі өтеді

7679

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық спорт түрлерінен тұңғыш рет «Ұлы дала рухы» фестивалін кең көлемде өткізуді жоспарлап отыр. Көкпар, Бәйге, Аударыспақ, Жамбы ату, Тоғызқұмалақ, Асық ату және Қазақ күресі қатарлы қазақтың ұлттық ойындарынан бәсеке өтеді.

Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс болып өз ара мықтыны анықтайтын дүбірлі доданың ақтық сыны, нағыз мықтыны анықтайтын финалдық бәсекесі қыркүйек айында Сарыарқаның төсінде, Елорданың өзінде өтпекші!

Қадірлі ағайын, «Ұлы дала рухы» фестивалі кезінде бүтін қазақ даласы ұлттық спорттың дүрмегіне бөленеді. Бұл аламанға ата-баба мұрасын серік еткен барлық майталмандар атсалысады. Ұлттық мұрамыздың насихатын күшейтіп, өрісін ұзартуды көздеген «Ұлы дала рухы» фестиваліне баршамыз жанкүйер болайық.

Толығырақ алдағы уақытта айтатын боламыз.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!