Астана кубогы. 25 шақырым аламанда «Қаракөз» қара үзіп келді

5886

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен «2018 жылға арналған Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесіне» сәйкес ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген ұлттық спорттан Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы чемпионаты аяқталды.

Сонымен, жарыс жолына шыққан 19 сәйгүліктің 7-імәресызығынкесіпөтті. Алғашқыбесжүйріккежүлдеберіліп, 25 шақырымға созылған аламанның қорытындысы шығарылды.

5-орын: 27-номерлі Арнур Курванжанның тақымында ойнаған «Бақторы» есімді сәйгүлік. Астана қаласы атынан қатысқан ағылшын тұқымды торы бесті бие. Жүйріктің иесі Қуаныш Әкімжанов, ал бапкері – Мақсат Төкенов. (500 000 теңге)

4-орын: 12-номерлі Хакимбек Қожақов мінген Жамбыл облысынан келген «Сұңқарторы» есімді ағылшын тұқымды торы құнан. Ат иесі – Диас Мырзахан болса, бапкері Бақытбек Сыбанбаев. (650 000 теңге)

3-орын: 2-номерлі Оразалы Жорабек тізгіндеген Алматы қаласының «Верный» есімді ағылшын тұқымды күрең бестісі. Бәйгеге жаратқан бапкері Айдын Үтбаев болса, жүйрік «Нұрай» жылқы зауыты атынан қатысты. (1 650 000 теңге)

2-орын: 14-номерлі Ақжол Жұматай мінген «Бұйражал» атты Қарағанды облысының ағылшын тұқымды жирен қасқа бесті айғыры. Ат иесі Нұрлыбек Мұхамедияров, ал бәйгеге жаратқан бапкері Бақтияр Құралбаев. (3 300 000 теңге)

1-орын: Үшінші номерлі Бекзат Сәдуақастың тақымында тулаған БҚО Жаңақала ауданынан келген Серік Бекқайыровтың «Қаракөз» есімді үш жасар ағылшын тұқымды қарагер байталы. Атты жаратқан бапкер – Мақсат Бекқайыров. (6 600 000 теңге)

Бұданбұрын хабарлағанымыздай «Астана кубогы» үшін өтетін бәйге екі түрлі қашықтықта болды. Аламан бәйге – 25 шақырым. Екінші бәйге – 16 шақырым. Қос бәйгенің де жүлделері қомақты. «Астана кубогының»жүлде қоры– 20 миллион теңге. Еліміздің барлық өңірінен келген кіл жүйрік тіркеуден өтіп, өз бақтарын сынап көрді. Нәтижесі өздеріңіз көргендегідей.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 16 шақырымдық кіші бәйгенің және көкпардан Қазақстан чемпионатының нәтижесін жариялаған болатынбыз.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!