Қостанайда Астана күні құрметіне ат спортынан чемпионат өтті

3541

Оған Қазақстанның Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақмола, Қызылорда, облыстарынан ат бапкерлері мен жанкүйерлер, шабандоздар, барлығы елуден аса спортшы келді. 

Чемпионатта қостанайлықтар мен қонақтар ат спортының тай жарыс, құнан бәйге, топ бәйге, көкпар, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату, аударыспақ, аламан бәйге түрлерін тамашалады.

Әсіресе, көрермен үшін аламан бәйгенің орны бөлек. Оған еліміздің әр өңірінен он алты ат қосылды.

Ауыздығын шайнап тұрған жүйріктердің бір бірінен озуы да оңай болмады. Ақырында  топ аттан үш сәйгүлік суырылып алға шықті.

Олар Қостанайдан, Алматыдан және  Астанадан келген сәйгүліктер болатын.

Дегенмен, мәрені   Жанкелдин ауданынан, яғни Торғайдан келген «Алу» атты сәйгүлік бірінші кесіп өтті.  Оның шабандозы мен бапкеріне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Volkswagen Polo машинасының кілтін табыс етті. Бұл Алудың аламан бәйгеден екінші жеңісі.

«Біз «Алу» екеуміз жеңетінімізге сеніммен келгенбіз», дейді қуанышты  жас шабандоз Байеке Аманбай.

Соңғы жылдары Қостанай өңірінде ат спортына деген қызығушылық артып келеді. Бәйге болған сайын «Арғымақ» ипподромында ине шаншар орын табу қиын. Астана күні мерекесінде «Арғымақ» ипподромындағы қызықты көргенде арманда, көрмегенде арманда болды.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!