Моңғолия сапары. Серікжанның жылқылары (ФОТО)

mongolia6

Моңғолияның ең батысында орналасқан Баян-Өлгей аймағын Атажұрттан алыста жүрген азғана қазақ мекендейді. Ежелгі көшпенді тұрмыстан әлі де қол үзбеген ағайын, жаз болса жайлауға шығып, биесін байлап, қымызын сапырып мәре-сәре өмір сүруге құштар.

mongolia3

Біздің Баян-Өлгейге сапарымыз аймақтағы ең табиғаты тамаша, сулы-нулы өлке Цэнгэл аулының Сырғалы жайлауынан басталды. Алты ай мінсе арымас моңғол жылқыларын пайдаланатын Серікжанның биелері құлын идірмей-ақ сауа беруге үйренген екен. Таңғы бесте биені жиып келіп, құлынды да бір өзі байлайтын Серікжан биені өзі сауып, қымызды да өзі баптайды.

mongolia7

Арасында асау тайларды жас балаларға мінгізіп, бас білдіріп, жүген-ноқтаға үйретіп қояды.

mongolia11

Серікжанның жылқысы Сырғалы өлкесіне тұрақтап, осында мекен етіп қалуға әбден үйренген. Дегенмен күз басталып, жер сонысы қаша бастағанда жылқылар да сырғақсып, соныға тартып, күзеуге кетуге ыңғай таныта бастайды. Мұндайда Серікжан жылқысын жинап, дараға шығарып тастайды. Содан кейін өзі күзем қырқып, қысқы шөпті дайындап алғанша саулы биелері дарада болады.

mongolia1

Торы айғыр үйірден бөтен адамға бір құлын алғызбайды. Оның сыртынан ел, “Серікжанның айғыры кісі жейді” деп сөз қылады.

mongolia10

Серікжан жылқыдан жасқануды білмейтін, тақымына тиген кез келген тарланның ащы терін оп-оңай сыпырып алатын сайыпқыран жігіттердің бірі. Дегенмен сақтықта қорлық жоқ, қоңыр атты қос тізгінмен мінеді. Мінезі шәргез қоңыр ат қолдағы тізгінге қатты мән береді дейді. Бір тізгінмен мінсе, ала жөнеліп, сәл еңісті пайдаланып мойнын ішіне алып мөңки жөнеледі екен.

Сонымен, аз сөйлеп, көп тыңдайтын қыр баласы секілді, сөзімізді шұбатпай, сіздердің сурет тамашалауларыңызға мүмкіндік берейік.

Айтпақшы, бұл суреттердің барлығын жас фотограф Марат Амиров түсірген. Ендеше тұмса табиғатқа үйлескен тай-құлынды жылқының тамаша фотоларын тамашалаңыздар.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>