Ұлттық спорт түрлерінің үздіктеріне іздеу саламыз

4066

Ұлттық спорт қауымдастығы қазақтың ұлттық ат спортының үздіктеріне арналған энциклопедия құрастыруды қолға алды. Бұл кітапқа ел ішіндегі жамбы ату, аударыспақ, көкпар, теңге ілуден респубикалық жарыста жүлдегер болған спортшылар мен олардың жаттықтырушылары, республикалық, халықаралық жарыстарда төрешілік жасаған төрешілер туралы нақты мәліметтер жарық көреді.

Сонымен қатар, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресінің атақты спортшылары туралы осы спорт түрлері федерацияларының берген мәліметтері жарияланады.

Ал, бәйгеге келсек, Республикамыздың барлық өңірінде атбегі бұрын да көп болған, қазір де аз емес. Бәйге атын баптап, жүйрік мінген қандастарымыз әр ауылдың өзінде бірнешеуден бар. Оның барлығын түгендеп жинап алып, кітап шығаруға ешкім де бел буа қоймас.

Қазан айының соңында аяқталуға тиіс мына энциклопедияға енгізетін атбегілерге қойылатын талап:

– Тәуелсіздік алған жылға дейін, яғни, Кеңес одағы тұсында, Одақ көлемінде, республика деңгейінді, тіпті, кемінде облыс көлеміндегі аламанға жүйрік қосып, бәйге алған даңқты атбегі;

– Кеңес одағы тұсында Одақ көлемінде, республика деңгейінді, тіпті, кемінде облыс көлеміндегі аламанға шауып, бірінші орын алған танымал шабандоз бала;

– Кеңес одағы тұсында Одақ көлемінде, республика деңгейінді, тіпті, кемінде облыс көлемінде танымал болған көкпаршы, аударыспақшы

Керекті мәліметтері:

Туған жылы, айы, күні және туған жерінің толық атауы.

Бапкер болса, қандай жүйріктер баптады? (Аты, түсі толық). Қай жылы, неше жүйрік қатысқан, қандай жарыста, қандай қашықтықта бәйге алды (Жарыстың өткен жері, мезгілі, жарыстың атауы толық берілсін)? Атбегілік ерекшелігі қандай еді? Атбегінің анық, жақын түскен, құжаттық (үлкен көлемде, анық түсірілген болуы керек) немесе құжаттыққа ұқсас фотосы болуы керек.

Барлығы осы үлгі бойынша, энциклопедияға мәлімет берушінің аты-жөні, мекен-жайы, төлқұжатының көшірмесі және телефоны қоса argymaq.kz@mail.ru поштасына жіберілсін.

Толығырақ: 87783471708

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!