Алматылық көкпаршылар А.Асқаров турниріне дайындалып жатыр (ФОТО)

Қазанның 29-ы мен қарашаның 4-і күндері Шымкент қаласында көкпардан Асанбай Асқаров атындағы дәстүрлі халықаралық турнир өтеді.

Жыл сайын өтетін дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен ғана емес, ат спорты дамыған көршілес мемлекеттің мықты командалары да келіп бақтарын сынайды.Бұл жарыста Алматының намысын алғашқы рет жаңадан құрылған команданың жас әрі танымал палуандары қорғайды.

Биыл ашылған клубтың сапында әр облыстан жиналған, көптеген жетістіктері бар ойыншылар өнер көрсетеді. 12 тәжірибелі спортшылар алдағы турнирден аударыспақ және көкпар спорт түрлерінен тек бірінші орынды көздеп отырғандарын жасырмады.

- Бұл жақында өтетін турнир, әрине оңай болмайды. Алға бірінші орын алу деген мақсат қойып отырмыз. Қазір міне соған тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Қала әкімдігне барлық жағдайымызды жасап жатқанына алғыс білдіреміз. Тек жеңіспен ораламыз деген ойдамыз, – деді «Алматы» клубының ойыншысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қайыржан Сүлейменов.

Биылғы жылы, «Алматы» клубы көптеген жарыстарға және чемпионаттарға қатысып жақсы нәтижелерімен көзге түсті. Ересектер арасында көкпардан өткен ел чемпионатында 16 клубтың арасында алматылықтар 4-ші орынға ие болса, аударыспақ палуандары Ерлан Тойымбетов пен Мұратәлі Тезекбаев осы чемпионатта күміс және қола жүлдегерлер атанды.

Сондай-ақ, көкпарддан жастар арасындағы 7-ші Қазақстан чемпионатында Алматы құрамасы үшінші орынды жеңіп алды. Ал, осы чемпионатта аударыспақ палуандары Күнтуған Сейдулла, Мейірбек Ілебай және Айдос Балаев өз салмақ дәрежелерінде бірінші, екінші және үшінші орындардан көрінді. Биылғы маусымда, сонымен қатар, жамбы атудан 4-ші ел чемпионаты өтіп, нәтижесінде алматылық Серік Алыбаев қола жүлдегер атанды.

Жалпы, биылғы маусым Алматы палуандары үшін сәтті өтіп жатыр. Жаңа құрамаға үйренісіп, үлкен мақсат қойған ойыншылар қазір Түймебек Жұмалиевтің бапкерлігімен Алматының республикалық ипподромында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>