Жылқы өсіретін азамат «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

4782

Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаевқа «ҚР Еңбек Ері» жоғары атағын тапсырды.

«Мен өзім қарапайым қойшының баласы болдым. Сол көзімді ашқалы қой шаруашылығында өсіп, өзім де қазір сонда жұмыс істеп жатырмын. Сіздің саясатыңыз бен қамқорлығыңыздың арқасында бәрімізге жұмыс жасауға мүмкіншілік бердіңіз», — деді .

IMG_3837-14-12-18-11-56

Ол бүгінде мал басы 52 мыңға жеткенін, мал басынан түскен табысқа ауылда 21 ірі-ірі нысан салынғанын атап өтті.

«Осы шаруашылығымда 2015 жылы өзіңіз болдыңыз. Сол кезде маған үлкен батаңызды беріп, алғысыңызды айттыңыз. Айтқан ақылыңыз жатсам да, тұрсам да көкейімде жүрді. Бүгінгі берген марапатыңыз ауыл еңбеккерлері, қойшылардың марапаты деп түсінемін. Алғысым шексіз, рахмет!» — деді Сайрамбай Дөненбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Сайрамбай қой шаруашылығымен қатар жылқы да өсіреді. Сайрамбайдың сансыз жылқысы туралы мына жерден оқуға болады.

Вaq.kz (Фото: Бауыржан Жуасбаев)

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!