Қазақтың жылқы түсіне қатысты атаулары Гиннестің рекордтарына кіруі мүмкін

4309

Қазақстан аумағында жылқы түсінің 300-ден астам түрі болған. Бұл туралы «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы директорының орынбасары Баян Шайгөзова мәлімдеді.

«Қола дәуірінің ежелгі металлургиялық қоныс орны ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді және биыл да жалғасын табады. «Жылқы түсінің, қазақ атауларының этнонимі» деген этнографиялық саладан үлкен ғылыми жұмыс жасалып жатыр. Еуропада жылқы түсінің 60 түрі, Ресейде 40 түрі болса, біздің Қазақстанда 300 астам түсі бар екен. Біз келешекте осы ғылыми жобаны Гиннес рекордтар кітабына енгізу мақсатында үлкен жұмыстар жүргізіп келеміз», — деді Шайгөзова.

Ол 2018 жылы «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында ұйымдастырылған экскурсияларға 14 мыңнан астам турист келгенін атап өтті. Оның 200 астамы – шетелдік туристер.

Baq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!