Германияда асау үйрететін қазақ

Asau20

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағына қарасты Сақсай ауданының қазағы, жылқышы К.Наурызбек Германияның Баден-Вюртемберг облысында асау үйретуге барды. 

“Aлтай экспедишин” компаниясының басшысы Б.Бекболаттың айтуына қарағанда германиялық Петр Рольф есімді азамат Моңғолияға бірнеше рет келіп, атпен, жаяу саяхат жасап қайтқан. Сөйтіп жүріп ол 1990 жылдары Моңғолиядан Германия жиырма шақты жылқы алып кетеді. Қазір Петер Рольфтың жылқылары біршама өсіп, айғыр үйірге айналған. Алайда бұл жылқыларды үйретіп, жуасытып, күнделікті тұрмысқа пайдалану қиындап кеткен. Осыған байланысты германиялық азамат “Aлтай экспедишин” компаниясына байланысқа шығып, асау үйрететін адам іздеген. Өз кезегінде компания басшылығы К.Наурызбекті ұсынып, екі жақты келісімшарт негізінде жылқышы жігіт германияға аттанған.

К.Наурызбек өткен жылы қыркүйек айында  “Aлтай экспедишин” компаниясының ұйымдастыруымен жыл сайын Алтай ауданында өтетін “Бүркітшілер тойы” қарсаңында асау үйрету сайысына қатысып, бас жүлдені иеленген болатын. Ол Германияда бір айға жуық уақыт асау үйретеді.

montsame.mn

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>