Тай үйрету эстафетасын Атбасар мен Бұланды аудандарына жолдады (ФОТО)

6498

Кеше «Тай – атқа, ат – мұратқа жеткізер» атты жабағы үйретуден өтіп жатқан эстафеталық байқауымыз Біржан сал ауданы Сәуле ауылында өтті.

KTS_2370

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Өңірлік жобалық кеңсесінің бастамасымен өтіп жатқан бұл байқаудың негізгі мақсаты Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында айтылған «Атқа міну мәдениетін» арнайы жобасын жүзеге асыру.

KTS_2351

Біржан сал ауданының Сәуле, Бірсуат, Құдықағаш, Кеңащы ауылдарының 5-9-сынып оқушылары қатысты.

KTS_2327

Байқауды аудан әкімі Ермек Бекенұлы ашып берді.

KTS_2420

Шу асау жабағылармен алысып, тай жалына кенедей жабысып жүлдегер атанған балалар халықтың қошеметіне бөленді.

KTS_2438

Жүлдегер атанған оқушылар: Сағымбай Жандос (Сәуле ауылынан), Сакенов Ердос (Кеңащы ауылынан), Кәркен Сағындық (Құдықағаш ауылынан), Төлеш Бақтияр (Бірсуат ауылынан). Оқушылар дипломмен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Аудан әкімі Ермек Бекенұлы оқушыларға ризашылығын білдірді.

KTS_2428

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Өңірлік жобалық кеңесінің жетекшісі, ақын Мерген Тоқсанбай және менеджері, ақын Қуаныш Оспан сөз сөйлеп қорытынды жасады. Қуаныш Оспан өзінің жыр-шумақтарын жолдап, аудан әкіміне және Сәуле орта мектебінің ұжымына кітап сыйлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тай үйрету эстафетасы Зеренді ауданының Сәкен Сейфуллин ауылында өткені туралы жазған болатынбыз.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!