Абсент жайлы кино түсірілсе…

absent21

Аудандық басылымның тілшісі көтерген мәселе кино мамандарының назарына іліге ме, белгісіз. Әйтеуір, санамыздағы оймақтай ойды өздеріңізге жеткізуге асықтық. Әлеуметтік желінің дамыған заманында бұл бастама тасада қалмайды деген сенімдеміз.

Қазақ халқы жылқы малын ерекше қадірлеп, құрметтей білген. Ол тарихтан белгілі. Әрине, тарих беттерінде қазақтың атын әлемге мәшһүр еткен сәйгүлік өте көп. Дегенмен солардың ішінде біз үшін 1960-1970 жылдары «ХХ ғасырдың ең жұлдызды жылқысына» айналып, үш мәрте Олимпиада жүлдегері атанған Абсенттің орны ерекше.

Абсент – қазақ жерінде өсіп, аты аңызға айналған жылқы. Ол 1945 жылы Мәскеудегі Қызыл алаңда өткізілген шеруге атақты маршал Григорий Жуков мінген «Араб» атты ақ боз айғырдың тұқымы. Енесі - қазақы тұқымнан шыққан «Баққара» есімді бие еді. 1960, 1964, 1968 жылдары Рим, Токио, Мехико қалаларында өткен Олимпиада ойындарында әлемнің әр түкпірінен жиылған жұртты өзінің сұлу жүрісімен тәнті еткен қазақ сәйгүлігінің есімі тарихта алтын әріптермен жазылуы тиіс. «Ол үшін не істеу керек?» деген заңды сауал туындайды. Ендеше, бұл сұраққа жауап іздеп көрелік.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқи отырып, Абсентке байланысты туындаған сұраққа жауап таптым. Дәлірек айтар болсам, осы мақаланың «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» деп аталатын бөлімінде «Қазіргі замандағы халықтардың тарихи таным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алады. Жалпы, халықтың сана­сында фильмдегі жарқын кинообраз іргелі ғылыми монографиядағы деректі портреттен гөрі маңыздырақ рөл атқарады. Сондықтан тез арада Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмнің, телевизиялық сериалмен толықметрлі көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керек» делінген. Сонымен қатар «Атқа міну мәдениеті» бөлімінде ел тарихында жылқының ерекше орын алатыны анық айтылған. Міне, осы екі бөлімді ұштастыра отырып, «Абсент жайлы неге фильм түсірмеске» деген ой келді. Бұл, әрине, ұсыныс қана. Оны қабыл алу, ол бойынша жұмыс жасау – кино мамандарының еншісінде.

Иә, Абсент жайында деректі фильмдер жоқ емес, бар. Бірақ олар өткен ғасырдың жұлдызды жылқысы үшін жеткіліксіз деген ойдамын. Сондықтан Елбасы бастамасын негізге ала отырып, толықметрлі көркем фильмді жарыққа шығаруға тиіспіз. Фильм түсіру барысында сұлу да, сымбатты сәйгүліктің өмірінде кезіккен Молдаш Әмреев (Абсенттің алғашқы бапкері), Сергей Филатов (Абсентпен бірге Олимпиада ойындарына қатысқан шабандоз) сынды азаматтардың образын бейнелеп, ерекше етіп көрсетуге болады. Бір сөзбен айтқанда, Абсенттің әрқилы өмірін бейнелей отырып, керемет туындыны таспалауға толық мүмкіндік бар. Сонымен қатар осы туынды арқылы қазақтың жылқыға жақын екенін көрсете алатынымызға кәміл сенімдімін.

Р.S: Шетелдік режис­сер­лер осы күнге дейін көрермендерге ит жайында көптеген туынды ұсынды. Осылайша, олар «Ит – адамның жақын досы» екенін кино арқы­лы көрсете алды. Біз де осыны негізге ала отырып, жылқы малының ерекшелігін көрсетіп, заманауи кино өндірісіне өзіндік жол салуымыз қажет.

Осы орайда оқырман назарын Абсент жайлы сайтымызда жарияланған бірнеше мақаланы ұсынамыз.

Тәкен Әлімқұлов “Қош бол, Абсент”

Қайрат Ихсан “Абсент – ғасыр жылқысы

Қалыбек Атжан “Абсент”

Жанболат Аупбаев “Маршал мінген ат”

Сәуірбек Бақбергенов “Арғымақтар”

BazylbekovЖәнібек БАЗЫЛБЕКОВ, Жамбыл облысы, «Құлан таңы» газеті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>