Қазақстанның құрғақ қымызы АҚШ-та көрмеге қатысады

Saumal

Еліміздегі құрғақ қымыз өндіретін ірі компания “ЕвразияИнвест ltd” ЖШС АҚШ-та өтіп жатқан “Табиғи өнім-2019″ (Natural products Expo West 2019) халықаралық көрмеге қатысады. 

6-8 наурыз күндері АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Анахайм қаласында өтетін көрмеге аталған компания ұлттық тағамымыздың екі түрін ұсынатын болады. Нақтырақ айтқанда көрмеге құрғақ қымыз – саумал мен құрғатылған түйе сүті қатысады.

“Көрмеге қатысудағы басты мақсатымыз - SAUMAL және SAUBOTA деп аталатын бие сүті мен түйе сүтін халықаралық деңгейде насихаттау. Әрине, “Евразии инвест ltd” ЖШС бұған дейін Гонконгқа, Ресейге, Белорусьқа өнім экспорттап келген. Қазіргі таңда Қытайға экспорт жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан біздің өнімдеріміз әлден-ақ Қытай нарығына кіріп үлгерді” – дейді компания өкілі.

Ал бұл жолғы АҚШ-тағы халықаралық көрмеде құрғақ саумалды америкалықтарға таныстырып, сол жақтың нарығына кіргізу ойда бар екенін айтады мамандар. Тағы бір айта кетерлік жаңалық, америкалықтар үшін онлайн сауда дүкені ашылып, amazon сайты арқылы сатып алуға мүмкіндік жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, құрғақ саумал өндіретін зауыт еліміздің Қарағанды облысында, Осакаровка ауданында орналасқан. Қазіргі уақытта бұл зауытта 2000-нан астам бие сауылады. 150-ден астам жұмысшы қызмет істеп жатыр.

Саумал жайлы толығырақ мына жерден оқуларыңызға болады.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>