Қызылордада Жастар чемпионаты өтеді

2915

Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының биылғы жылғы чемпионаты  Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында наурыздың 14  күні басталады.

Бұл елішілік бәсеке сәуір айында Алматы қаласында өтетін жастар арасындағы І Азия чемпионатына іріктеу болмақ. Республикалық чемпионат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіледі.

Ұлттық спорттың төрт түрінен, атап айтқанда, Көкпардан ХІІІ, Аударыспақтан ХІІІ, Теңге ілуден ХІІІ, Жамбы атудан V рет ұйымдастырылатын 2019 жылғы Қазақстан чемпионаты наурыздың 14-22 күндері Жаңақорғанда ту көтереді. Қазіргі кезде чемпионатты өткізуге даярлық қызу жүргізілуде. Соңғы мәліметтерге сүйенсек,  еліміздің әр өңірінен оннан астам  команданың  жарысқа қатысу өтініші  түскен.

Егер бұған дейін ұлттық спорттан жастар, жасөспірімдер арасында халықаралық бәсекенің өткізілмегенін еске алсақ, онда биылғы елішілік чемпионаттың аса тартысты өтеріне еш күмән жоқ. Себебі, Алматыда тұңғыш ұйымдастырылатын Азия чемпионатына қатысудан барлық өңірдің командалары үмітті.   Соңғы екі-үш жылда жүлделі орыннан көрініп жүрген Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Қызылорда облыстарының, Алматы қаласының жастар командасы алдағы чемпионатта да көш басынан көрінуі мүмкін.

Еске салып өтсек, 2018 жылғы жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында, ал, 2017 жылғы чемпионат  Жамбыл облысының Жамбыл ауданында өткізілді.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!