Жастар чемпионаты. Алматы облысы алда (ФОТО)

3413

Бұған дейін Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында Қазақстанның Жастар чемпионаты басталғанын хабарлаған болатынбыз. Еліміздің әр өңірінен чемпионатқа қатысқан 14 көкпар командалары арасындағы бірінші күнгі кездесуде  Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Түркістан облыстары мен Алматы қаласы командаларының мерейі үстем болды.  

 14 наурыз күні  өткізілген мандат комиссиясындағы жеребе бойынша көкпар командалары төрт топқа бөлінген болатын. Осы төрт топтағы барлық  команда алғашқы үш күнде іріктеу сайысын өткізеді.

15 наурыз күнгі бәсекеде  маңғыстаулық жастар Батыс Қазақстан облысының командасын 12:0 есебімен, ақтөбеліктер Солтүстік Қазақстан командасын 9:0 есебімен, түркістандықтар Шығыс Қазақстан облысының командасын 6:0 есебімен ұтып кетті. Сондай-ақ, Қызылорда-Қарағанды кездесуі  –  10:3, Алматы облысы-Атырау облысы кездесуі  – 7:2, Алматы қаласы-Ақмола облысының кездесуі – 5:2 есебімен аяқталды.

16 наурыз күнгі түске дейінгі кездесуде Маңғыстау облысының командасы қарағандылықтардан 12:3 есебімен, Алматы облысының командасы Солтүстік Қазақстан облысының командасынан  13:3 есебімен, Ақтөбе облысының командасы Атырау командасынан 5:3 есебімен, Жамбыл облысының командасы Ақмола облысы командасынан 12:0 есебімен басым түсті.

17 наурыз күні Теңге ілу мен Жамбы ату бәсекелері өтеді.

18 наурыз күні Аударыспақ алыптарының айқасы өтеді.

Еске салып өтсек, бұл елішілік чемпионатта үздік шыққан командалардан сәуір айында Алматыда өтетін Жастар арасындағы І Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын ҚР Ұлттық құрама командалары жасақталады. Көкпардың есеп-шотын қаққан мамандардың айтуынша биылғы чемпионаттың үздіктері қатарынан  Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының  командалары көрінуі мүмкін. Алдағы күндерде жарыстың қосымша ақпараттары жарияланады.

Чемпионат наурыздың 22 күні аяқталады.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!