Азия чемпионаты. Қытай құрамасы Ресейді ойсырата ұтты

2519

Алматыда байрағын көтерген Ұлттық ат спортынан Жастар арасындағы алғашқы Азия чемпионатында екінші болып көкпар алаңына Қытай құрамасы мен Ресей құрамасы сайысқа түсті.

Тартысты өткен додада Қытай құрамасы Ресейден басым түсті. Есеп — 10:1.

Тұңғыш чемпионатта көкпар спорты бойынша 7 команда бақ сынайды. Атап айтқанда, Қазақстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Монғолия және Ауғанстан спортшылары І Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.

Командалар А және Б тобына бөлінді. Жеребе бойынша А тобында Монғолия, Тәжікстан, Қытай, Ресей командалары, ал, Б тобында Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан командалары ойнайды.

Тұңғыш ұйымдастырылған Азия чемпионатының алғашқы бәсекесі Монғолия мен Тәжікстан арасында өтіп, Моңғолия құрамасы 4:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Үшінші кездесуге Қазақстан мен Өзбекстан командалары шығады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Азия чемпионатының басталғанын хабарлағанбыз.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!