Азия чемпионаты. Ауғанстан осал қарсылас емес

Zhastar7

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының бастамасымен 2019 жылды Қазақстандағы Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осы жылға орай ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Жастар арасында І Азия чемпионатын ұйымдастырып жатыр.

Көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы атудан өтетін тартысты бәсекенің кешеден бері көкпар ойыны бойынша 7 мемлекет өзара мықтыны анықтап жатыр. Екі күннен бергі доданың ішінде, бүгінгі А тобындағы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сайыстың айтарлықтай тартысты басталғанын несін жасырайық. Тіпті осы чемпионаттағы ең бір есте қалар дода осы Қазақстан-Ауғанстан ойыны деуге болатындай.

Кешегі Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы ойында алғашқы 8-секундта салым салған Құрманбек Тұрғанбек бүгін де алғашқы болып есеп ашты. Дегенмен, ауған азаматтары да осал жаңғақ емес екенін көрсетіп бақты, тіпті ойын алаңында қай команданың тізгін ұстап жүргенін ажыратудың өзі оңай болмады. Ойынның алғашқы бөлігінде есепті 3:2-мен аяқтаған жерлестеріміз екінші бөлігінде де ерекше шеберлік танытты.

Ауғанстанда жаппай көкпардың жақсы дамығаны барша жұртқа белгілі, дейтұрғанмен командалық көкпарда да ауған азаматтарының аянып қалмайтынын байқадық. Ойын барысындағы әдіс-айла, серкені көтеріп алу, қазандыққа тастау сәттерінде ауған жігіттері біздің құрамадан бір сәтте қалысқан жоқ.

Дегенмен біздің тастақым жігіттер есені оңайлықпен жіберсін бе, алаңның шешуші салымын салып, есепті  10:3-ке жеткізді.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>