Қымыз өндірісіне мемлекеттік қолдау қажет

qymyz

Жамбыл облысындағы Жуалы ауданы халқының 70%-ға жуығы қымыз өндіреді. Мұндағы әр отбасы кем дегенде 4-5 бас жылқыдан бағады. Тұрғындар бұл іске машықтанып алғаны сонша, кәсіби маманданып алған. Ал осы ауданнан жасалатын ұлттық сусын өңірдегі брендке айналған.

«Біздің ауылымыз жылқы малын ұстауға өте қолайлы. Жайылымымыз жайлы, әрі отты. Көпшілігіміз қылқұйрықтыны бағудың қыр-сырын әбден меңгеріп алғанбыз. Енді біз жекелеп емес, бірігіп, кооператив құрсақ деген жоспарымыз бар. Қазіргі кезде осы бағыттағы жұмыстарды бастап кеттік», – деді Жуалы ауданының тұрғыны Меруерт Көпбаева.

Жылқышылар мал басын көбейтіп, қымыз өндіруді кеңейту мақсатында кооперацияға бірікті. Оған бүгінде 28 адам тіркелген.

Ортақ іске жұмылғандардың ішінен бастапқыда бие сүтін қабылдап, цех ашатын кәсіпкер де табылған. Жеңілдетілген несие алу үшін қажетті құжаттарын да әзірлеген. Алайда, бар шаруа өндіріске қажетті қондырғылардың мемлекет тарапынан субсидияланбауына келіп тірелген сыңайлы.

Кәсіпкер Қазыбек Әлжаппарұлы қымыз шығаратын жабдық 20 миллион теңге тұратынын айтады. Оны алу үшін субсидия болмаса, қымызды өңдеу, шығару және сату тиімсіз болады екен.

«Қазір сүт, ет бағытындағы несиелер беріліп жатыр. Алайда, қымыз өндірісі үшін былтыр несие болған жоқ. Мұны Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары қымыз бағытында өңдеуші өнеркәсіптің жоқтығымен түсіндіреді. Біз әкімшілік тарапынан ұсыныс тастадық», – деді Шақпақ ата ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Тілегенов.

Асқат Райқұл, Baq.kz

1 пікір

  1. Біздің қасиетті жылқы жануары Қазақ Үкіметіне не жамандық жасағанына түсінбедім. Қара мал, қой-ешкі, “ақ қой”, тауыққа дейін субсидия беріледі екен, ал төрт түліктің төресіне келгенде кегежеміз кері тартады. Мұны қалай түсінуге болады сонда. Дүние жүзінде осы субсидия алатын малдың өнімін барлығы шығарады, ал жылқыға байланысты өнім түрлерін шығарушы елдер саусақпен санарлық. Жылқы өнімдері мына біз үшін “Ұлттық бренд”, сол себепті экспорттық нарыққа шығаратын ауыл шаруашылық өнімдерінің басында тұруы керек еді. Нарықта бәсекелестік адал жүрмейтінін осыданда көруге болады. А/ш өнімдерін қайта өңдеу қондырғыларына, асылдандыру жұмыстарына бөлінетін қаржылай көмектен жылқы шаруашылықтары қағылып отырғаны әдейі жасалып отырған “диверсия” сияқты. Жылқымен көбінесе өзіміздің қара көз бауырларымыз айналысса, бұл алалау сонда кімдерге қарсы жасалып жатқаны…

Добавить комментарий для Ерлік Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>