Ел чемпионаты. Қызылорда «Адай атаны» ұтты

3076

Тараз төрінде ту көтерген Ұлттық спорттан ел чемпионатының алғашқы күні көкпардың көкберендері алаңға шықты. Жамбыл жерінің ми қайнатар ыстығына қарамастан көрермендер шаңқай түсте Қызылорда облысы мен Маңғыстау облысының тартысын тамашалады.

Қызылорда облысының құрамасы:

1-номерде: Қанат Абылбеков, мінген аты – Бақторы

2-номерде: Асхат Мырзағалиев  – Қаршыға

3-номерде: Жарқынбек Жұмабек – Масаты

4-номерде: Алтай Қонқаев – Бесқасқа

5-номерде:  Нұрлан Жүсіпов  – Аққоян

6-номерде: Серікхан Ережеп – Торытөбел

7-номерде: Пазылхан Өміртай – Тұмар

8-номерде: Наурызқожа Әмзиев – Найза

9-номерде: Ақжан Ташжан – Сүлікқара

10-номерде: Нұржан Құмарбеков  – Құлагер

11-номерде: Абылайхан Қалмағамбетұлы – Сайрам

12-номерде: Нұрлыбек Асқаров – Құрма

 Маңғыстау облысы құрамасы:

1-номерде: Ербол Ермағамбетов, мінген аты – Сайхан

2-номерде: Руслан Дүйсенбай – Оди

3-номерде: Әнес Етреков – Жалқасқа

4-номерде: Шынболат Ақбаев – Көкдауыл

5-номерде:  Еркебұлан Абдуманапов – Зиза қасқа

6-номерде: Сейділла Дәулет – Жирен қасқа

7-номерде: Тиллабек Сүлейменов – Марал қасқа

8-номерде: Алмасбек Кеңегес – Күрең

9-номерде: Бақдәулет Ерімбетов – Пиле

10-номерде: Жасұлан Қуанышұлы  – Араб қасқа

11-номерде: Баян Қилыбай – Маңғыстау

12-номерде: Асанбай Нұрманов – Ханзада

Шыжыған күннің астында көкпар үшін арпалысқан ат пен азаматтың төзімділігіне таңғалмасқа болмас. Екі команда да тартысты ойын көрсетті. Алғашқы бөлімде есеп 2:2-мен аяқтады.

Ойынның екінші бөлімінде де тартысты ойын көрсеткен командалар ұпай санын 4:4-ке апарғанда түскі ас ішпей күтіп отырған халық шындап алаңдай бастады. Дегенмен Қызылорда құрамасы есепті еселеп, 5:4-пен маңғыстаулықтардан басым түсті.

Естеріңізде болса, бұған дейін үш топтың ойынын тамашалаған болатынбыз. Сол кезде Нұр-Сұлтанның «Астана» командасы мен ШҚО құрамасы арасындағы тартыста да қосымша уақыт беріп, тең ойынның тағдыры шешілген болатын.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!