Ел чемпионаты. «Әулие ата» алаң иесі екенін танытты

3233

Көкпар алаңында алаң иелері мен Солтүстік Қазақстан облысының құрамы тақым түйістірді. Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен СҚО құрама командасы арасындағы дода тым тартысты болмады.

Жамбыл облысының «Әулие ата» құрамасы:

1-номерде: Есжан Құрманбай, мінген аты – Құлагер

2-номерде: Атамекен Рүстемов – Ардакүрең

3-номерде: Манарбек Дүйсенбиев – Байтөбел

4-номерде: Ернат Мәлімбай – Барыс

5-номерде:  Жұлдызхан Тайырбеков – Топайкөк

6-номерде: Құлажан Тоғайбаев – Нұрқасқа

7-номерде: Болатбек Әлімбетов – Алға

8-номерде: Ернар Жарылқасын – Бүркіт

9-номерде: Ислам Рәт – Қордай

10-номерде: Жантөре Әбдәлі  – Нарқасқа

11-номерде: Бағылан Ширимбаев – Ноян

12-номерде: Құрманбек Тұрғанбек – Абырой

СҚО құрамасы:

1-номерде: Еркебұлан Дүйсекеев, мінген аты – Қасқалдақ

2-номерде: Бейбіт Амангелдиев – Сибақ

3-номерде: Руслан Смағұлов – Ханторы

4-номерде: Бауыржан Ризахан – Алқалы

5-номерде:  Қуаныш Рысмағамбетов – Көксерек

6-номерде: Өктем Ташматов – Қарагер

7-номерде: Данияр Ғалинұров – Арғымақ

8-номерде: Алмас Зайдуллин – Айқасқа

9-номерде: Нұрсұлтан Әбесов – Хан

10-номерде: Ринат Ибрагимов – Монгол

11-номерде: Вадим Любарский – Алатау

12-номерде: Самат Көпбосын – Колчак

«Әулие ата» әуелден даңқы жер жарған көкпар командасы. Екіншіден туған жердің топырағы да Жамбыл жігіттеріне жәрдем беріп тұрғандай. Құлажан Тоғайбаев, Құрманбек Тұрғанбек қатарлы танымал додапаздары бар «Әулие ата» командасы алғашқы айналымда-ақ есепті 7:2-ге жеткізді.

Екінші айналымда СҚО құрамасы есепті теңестіруге қанша тырысса да, ұпай алшақтығына аса өзгеріс енгізе алмады. Керісінше «Әулие ата» жігіттерінің әптігі асып, есепті еселей түсті.

Сонымен, қос команда арасындағы тартыста ұпай саны 15:2, жамбылдықтар алаң иесі екенін айқын дәлелдеді.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!