Ел чемпионаты. Қарағанды Ақмола құрамасына есе жіберді

Aqmola

Бүгінгі Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионатының көкпар ойыны бойынша топтық кездесудің бүгіндікке соңғы жұбы алаңға шықты.

Қарағанды облысы мен Ақмола облысы. Көрші жатқан қос құрама бірінің сырын бірі жақсы біледі.

Қарағанды облысының құрамасы:

1-номерде: Ерлан Оспанов, мінген аты – БТР

2-номерде: Ерғанат Әдиханов – Красавчик

3-номерде: Жандос Басаринов – Ақтабан

4-номерде: Ерғанат Молдабек – Сарыарқа

5-номерде:  Марғұлан Исақ – Найзағай

6-номерде: Данияр Көшенов – Сұңқар

7-номерде: Мирзо Сыздықов – Тарлан

8-номерде: Нұрдәулет Жолтай – Көкше

9-номерде: Владислав Мишин – Тұмар

10-номерде: Тілеухан Нұрхан – Ұшқын

11-номерде: Рүстем Қайратов – Жезкиік

12-номерде: Жұмат Құнанбаев – Ераман

Ақмола облысының құрамасы:

1-номерде: Манас Мұхамедқали, мінген аты – Еліккөк

2-номерде: Абылайхан Тоқабаев – Сұлтан

3-номерде: Әлихан Қалыбаев – Сұңқар

4-номерде: Айдын Қарбаев – Сұлтан

5-номерде:  Дәуренбек Ноябьр – Сүлікқара

6-номерде: Бекнұр Қиқу – Торықасқа

7-номерде: Бекзат Темірбек – Мұсқат

8-номерде: Абзал Ахмедия – Бүркіт

9-номерде: Жандос Қалымбаев – Құлагер

10-номерде: Кенжебек Еслямов – Қызылбас

11-номерде: Азамат Қадыров – Сарышаян

12-номерде: Бекзат Тоқабаев – Боран

Ойынның алғашқы бөлігінде Ақмола облысы алаң қожасына айналып шыға келді. Бастырмалата салған салымды қарсыластары санап үлгермей қалды десек те болады. Өңшең құрыш білік, тас тақым жігіттер алғашқы ойында есепті 8:1-мен қорытындылады.

Екінші айналымда да ақмолалықтар алған бетінен қайтпады. Есепті 13:2-ге жеткізген Ақмоланың жігіттері Сарыарқаның саңылақтарын әжептәуір састырды.

Осы орайда, Қазақстан чемпионаты барысында ХІХ кезекті көкпар додасына еліміз бойынша 15 команда бақ сынаған болатын. Жұп-жұбымен 14 команда 7 ойын көрсетіп, бүгінгі ойында D тобындағы Павлодар жұпсыз қалды. Алдағы күндері павлодарлық балуандар Қарағанды мен Ақмоланың көкпаршыларымен бәсекелесетін болады.

Сонымен қатар, ертең ойнайтын командалар мен ел чемпионатының ашылу салтанатының уақытын да еске сала кетейік.

Ақтөбе обл. – Нұр-Сұлтан қаласы 9.00 – 10.00

Түркістан обл. – ШҚО 10.00 – 11.00

Чемпионаттың ашылу салтанаты 11.00 – 12.00

Алматы қ. – Жамбыл обл. 11.30 – 12.30

БҚО – Қызылорда обл. 12.30 – 13. 30

Атырау обл. – Маңғыстау обл. 14.30 – 15.30

Қостанай обл. – СҚО 15.30 – 16.30

Ақмола обл. – Павлодар обл. 16.30 – 17.30

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>