Ел чемпионаты. А тобынан «Құлагер» топ жарды

3340

Әулие ата жерінде байрағын көтерген Ұлттық ат спорты түрлерінен Қазақстан чемпионатында көкпар бәсекесі бойынша А тобынан Түркістан облысының «Құлагер» командасы үздік шықты.

А тобында — Ақтөбе облысының «Әлімата» командасы, Түркістан облысының «Құлагер» командасы, Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасы және ШҚО құрамасы бар.

«Құлагер» командасы «Әлім атаны» 16:2 есебімен, ШҚО құрамасын 15:2 есебімен ұтқан болатын. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасымен ойын өткізді.

Ойынның алғашқы айналымында-ақ түркістандық балуандардың мықтылығы байқалды. Бірінші бөлімде есепті 7:0 болып аяқталды.

Екінші айналымда да екпінін бәсеңдетпеген «Құлагер» командасының жігіттері есіпті 13:2-ге жеткізді.

Түркістан облысы «Құлагер» командасы, команда капитаны – Бақтыбай Шырынқұлов, жетекшісі – Ғани Ахметбаев.

Нұр-Сұлтан қаласы «Астана» командасы, команда каптитаны – Қазыбек Амангелдинов, жаттықтырушысы – Арслан Қабжанов.

Салым салғандар:

«Астана»: Арслан Қабжанов – 2 салым.

«Құлагер»: Нүркен Омаров – 2 салым, Абылайхан Нышанбеков – 3 салым, Асланбек Сайдулла – 2 салым, Темірхан Айтбаев – 1 салым, Әбуғали Әбдіжаппаров – 1 салым, Мейірбек Болысбек – 1 салым, Жорабек Ақбаев – 1 салым, Бәйдібек Сабыров – 2 салым.

Естеріңізде болса, кешегі ойында D тобынан Ақмола облысының «Жекебатыр» командасы үздік шыққан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 19 мамыр күні Жамбыл облысы, Тараз қаласының жанындағы Бектөбе атшабарында басталған Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионаты 26 мамыр күні аяқталады.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!