Ел чемпионаты. Жамбы атудан Ғалымжан Өміртай Қазақстан чемпионы атанды

3763

Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы Жамбы атудан V чемпионатының жеңімпазы анықталды.

Жамбы атудың екі кезеңінен өткен сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 22 спортшы қатысты.

Алғашқы кезең «Қалқан атудан» іріктеліп 11 ойынша «Жамбы ату» — қазақ стиліне жолдама алды.

Олар:

Нұрсұлтан Жүсіпәлин (Ақмола облысы) – 4 ұпай.

Азамат Нұртаев (Ақмола облысы) – 13 ұпай

Ғалымжан Өміртай (Қызылорда облысы) – 4 ұпай

Ынтымақ Шыңғысбай (Нұр-Сұлтан қаласы) – 8 ұпай

Ералхан Айкөз (Түркістан облысы) – 10 ұпай

Әлия Бекен (СҚО) – 2 ұпай

Диас Ахметов (Нұр-Сұлтан қаласы) – 5 ұпай

Айтбек Сарыбай (Түркістан облысы) – 9 ұпай

Абзал Тулыбеков (Жамбыл облысы) – 9 ұпай

Серік Әлібаев (Алматы қаласы) – 5 ұпай

Жанәділ Ғазезов (БҚО) – 4 ұпай

Осы 11 ойыншы жамбы атудың екінші кезеңіне жолдама алды. Ал екінші кезең садақ атудан әлем чемпионаты бағдарламасына «Қазақ стилі» деген атпен енген бұл спорттың ерекше түрі болатын.

Мұнда алаң ортасына 3 бағана қойылып, сол бағанаға байланған 3 шар тәрізді жамбыға тигізу керек. Ойыншылар екі-екі реттен жамбыны көздеді.

Ә дегеннен қызылордалық Ғалымжан Өміртай өз мергендігімен танылды. Бірден 15 ұпай беретін алтын жамбыны атты. Екінші айналымда 10 ұпай беретін күміс жамбыға тағы дөп тигізген Ғалымжан қызылордалықтардың мәртебесін бір көтеріп тастады. Ал ойын барысында 5 ұпай беретін қола жамбыға Нұр-Сұлтаннан келген Диас Ахметов 1 рет тигізді.

Сонымен жоғарыдағы 11 ойыншының қазақ стилінде жинаған ұпай сандары мынадай. Бұл жерде алғашқы «Қалқан ату» кезеңінің де ұпайлары қоса есептеледі.

Нұрсұлтан Жүсіпәлин (Ақмола облысы) – 4 ұпай.

Азамат Нұртаев (Ақмола облысы) – 13 ұпай

Ғалымжан Өміртай (Қызылорда облысы) – 29 ұпай

Ынтымақ Шыңғысбай (Нұр-Сұлтан қаласы) – 8 ұпай

Ералхан Айкөз (Түркістан облысы) – 20 ұпай

Әлия Бекен (СҚО) – 2 ұпай

Диас Ахметов (Нұр-Сұлтан қаласы) – 10 ұпай

Айтбек Сарыбай (Түркістан облысы) – 9 ұпай

Абзал Тулыбеков (Жамбыл облысы) – 25 ұпай

Серік Әлібаев (Алматы қаласы) – 5 ұпай

Жанәділ Ғазезов (БҚО) – 4 ұпай

Ойын қорытындысы бойынша ең көп ұпай иеленген үш ойыншы жүлдегер атанда.

ІІІ орын — Ералхан Айкөз (Түркістан облысы)

ІІ орын — Абзал Тулыбеков (Жамбыл облысы)

І орын — Ғалымжан Өміртай (Қызылорда облысы)

Осымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионатында Жамбы ату ойынының чемпионы анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін көкпардан топтық кезең аяқталғанын және Теңге ілуден чемпионның анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Ертең 24 мамыр күні көкпардан 5-6,7-8 орындар үшін сайыс қтетін болады.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!