Ел чемпионаты. Біржан Қосалиев аударыспақтан Қазақстан чемпионы

audaryspaq

Бүгін Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы аударыспақтан ХІХ рет өткен чемпионаты аяқталды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған додаға еліміздің 13 өңірінен 60-қа жуық балуан бақ сынады.

Сонымен 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен құрыш білек, тас тақым жігіттерге әр салмақ бойынша 2 үшінші орын, 1 екінші және 1 бірінші орын берілді.

60 keli

60 келі салмақта:

І орын – Ермек Құралбай (Түркістан облысы)

ІІ орын – Азамат Серғазин (Ақтөбе облысы)

ІІІ орын – Фархат Советов (Қарағанды)

ІІІ орын – Мейіржан Әбибулла (Қостанай облысы)

70 keli

70 келі салмақта:

І орын – Шыңғысхан Ержанов (Ақтөбе облысы)

ІІ орын – Дарын Өткелбай (Түркістан облысы)

ІІІ орын – Дәулет Ережепбаев (Жамбыл облысы)

ІІІ орын – Бауыржан Ахметов (Павлодар облысы)

80 keli

80 келі салмақта:

І орын – Нұржігіт Әмзеев (Жамбыл облысы)

ІІ орын – Ермек Жәпішев (Шығыс Қазақстан облысы)

ІІІ орын – Досан Иламанов (Маңғыстау облысы)

ІІІ орын – Ағжан Мұрат (Павлодар облысы)

90 keli

90 келі салмақта:

І орын – Мансұр Тамикенов (Шығыс Қазақстан облысы)

ІІ орын – Мұратәлі Тезекбаев (Алматы қаласы)

ІІІ орын – Дамир Серікбай (Қызылорда облысы)

ІІІ орын – Нарбота Босов (Солтүстік Қазақстан облысы)

90+keli

90 келіден жоғары салмақта:

І орын – Біржан Қосәлиев (Түркістан облысы)

ІІ орын – Данияр Смайлов (Жамбыл облысы)

ІІІ орын – Мадияр Асқар (Ақмола облысы)

ІІІ орын – Дархан Бейсенбаев (Шығыс Қазақстан облысы)

Балуандардың жетістігін өткен жылғымен салыстыра қарасақ, былтырғы чемпиондық атақтарын сақтап қалған түркістандық аса ауыр салмақтағы Біржан Қосалиев пен 70 келі салмақтағы ақтөбелік Шыңғысхан Ержанов қана болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Теңге әлу ептілерінің сайысын және Жамбы ату мергендерінің жетістігін хабарлаған болатынбыз. Ел чемпионаты ертең аяқталады. Ертең сағат 10:00-де Түркістан облысы мен Жамбыл облысының командалары және Атырау облысы мен Ақмола облысының командалары арасында 1-2, 3-4-орындар үшін, яғни финалдық ойындар өтетін болады.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>