«Әулие ата» 10-рет Қазақстан чемпионы атанды

3660

Бүгін көкпардан Түркістан облысы мен Жамбыл облысының командалары және Атырау облысы мен Ақмола облысының командалары арасында 1-2, 3-4-орындар үшін ақтық кездесулер өтті.

Ересектер арасында ХІХ рет өтіп отырған чемпионаттың бұған дейінгі жеңімпаздарын еске сала кетейік.

9 рет «Әулие ата» командасы чемпионат атанса, 6 рет «Құлагер» командасы, 2 рет Алматы қаласының құрамасы және Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасы жеңімпаз атанған.

2001 – «Әулие ата» (Өскеменде)

2002 – «Әулие ата» (Тараз 2000 жылдықта)

2003 – Алматы облысы құрамасы (Алматы қалада)

2004 – «Құлагер» (Астана)

2005 – «Әулие ата» (Павлодар)

2006 – Алматы облысы (Талдықорған)

2007 – «Әулие ата» (Қызылорда)

2008 – «Құлагер» (Орал)

2009 – «Әулие ата» (Тараз)

2010 – «Әулие ата» (Астана)

2011 – «Құлагер» (Алматы қала)

2012 – «Астана» (Өскемен)

2013 – «Әулие ата» (Көкшетау)

2014 – «Әулие ата» (Қызылорда)

2015 – «Құлагер» (Түркістан қаласы)

2016 – «Әулие ата» (Талдықорған)

2017 – «Құлагер» (Алматы)

2018 – «Құлагер» (Астана)

2019 – «Әулие ата» (Тараз)

Сонымен, бүгінгі сайыста 3-4 орындар үшін Атырау облысының «Нарын» командасы мен Ақмола облысының «Жекебатыр» командасы алғашқы болып алаңға шықты.

Ойын соңындағы есеп бойынша Атырау облысы 10:0 есебімен Ақмола облысының көкпаршыларын айқын басымдықпен ұтты.

Atyrau final jpg

Салым салғандар:

«Жекебатыр» — 0.

«Нарын»: Ынтымақ Әліпбаев – 1 салым, Айбек Болатов – 1 салым, Ұлан Байтөреев – 1 салым, Қайыржан Сүлейменов – 3 салым, Алмат Жүнісов – 2 салым, Александр Пупенко – 1 салым, Нұржан Ерехан – 1 салым.

2001 жылғы алғашқы чемпион болған «Әулие ата» командасы чемпионат тарихында «Құлагермен» тек чемпионаттық финалдың өзінде 5-6 рет кездескен. Бүгін ойында да қос команда тартысты ойын көрсетті. Ойынның алғашқы бөлігінде 2:2 болып тең аяқтаған командалар, екінші айналымда бір-біріне есе жібермеуге барын салды.

Aulie ata final

Салым салғандар:

«Құлагер»: Әділет Мамыт – 1 салым, Әбуғали Әбдіжаппаров – 1 салым, Бәйдібек Сабыров – 1 салым.

«Әулие ата»: Ислам Рәт – 1 салым, Құрманбек Тұрғанбек – 3 салым.

Осымен Көкпардан ХІХ кезекті Қазақстан чемпионаты аяқталды.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!