Argymaq.kz-тің Бас редакторы 500 шақырымдық атты турға қатысады

QazaqGeography

Ертең Нұр-Сұлтан қаласында көпкүндік «Киелі Қазақстан» экспедициясы басталады. Бұл жолғы шараның ерекшелігі – қатысушылар тек жеңіл автокөлікпен емес, атқа да мініп шығады. Экспедиция ҚР мәдениет және спорт министрлігіне қарасты туризм индустриясы Комитетінің бастауымен жүзеге асады. Экспедицияның негізгі ұйымдастырушы – «Kazakh Tourism» ҰК, маршрутты жасап және экспедицияны өткізетін – «QazaqGeography» РҚБ.

Кәсіби мамандар он күн ішінде Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Бұйратау, Баянауыл ұлттық парктерін жүріп өтеді. Салт аттылар тәулігіне 50-60 шақырымды еңсеріп, жақын маңдағы ауылдарда лагерь құрмақшы.

«Экспедициясының мақсаты — атқа міну мәдениетін насихаттап, Қазақстанда атты туризмді дамыту. Шара барысында қатысушылар жол бойындағы киелі мекендерде тоқтайды. Экспедиция нәтижесінде атты туризмді белсенді дамыту үшін қолдануға болатын бағыттар анықталады. Ол жерлер нақты координатаралармен, сапалы фото және бейнематериалдармен қамтылып, толық сипатталады. Әрі қарай бұл ақпараттың барлығы отандық туркомпанияларға беріледі» – дейді ұйымдастырушылар.

Экспедицияның соңғы нүктесі – Баянауыл ұлттық паркінің аумағында орналасқан Жасыбай көлінде 29-маусымға жоспарланған.

«Атбегілік Қазақстан туризмін жаңа бағытқа қарай бұрады деп есептеймін. Алматы облысында бірнеше Көлсай көлдері, Кетмене, Ассы аймақтарындағы бағыттар туристер сұранысына ие. Дәл осындай маршруттарды Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында жүзеге асыру қолға алынып отыр» дейді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Сәдуақасов Қайрат.

Аталған жоба «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға елеулі үлес қосатындығын атап өту қажет. Сондай-ақ, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған атқа міну мәдениетін жаңғыртуға да айталықтай ықпал етері сөзсіз.

«Экспедициясының мақсаты — атты туризмді дамытуда жаңа туристік бағыттарды жасау және туған жерімізді зерттеу. Оған қоса, экспедиция туралы материалдар Қазақстанның туристік дестинация ретінде танылуына және халықты ішкі туризмге тартуға ықпал ету. Экспедиция нәтижесінде еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа туристік бағыттар, сапалы фото-және видеобанктер құрылады. Олардың қазіргі жағдайы туралы өзекті ақпарат алынады, иллюстрацияланған жолнұсқа жасалатын болады», – дейді «QazaqGeography» РҚБ ғылыми және экспедиция қызметі бойынша департаменті директоры Нұржан Алғашов.

Экспедиция құрамында 30-ға жуық адам болады. Олардың 11-і атпен жүреді. Экспедиция толықтай жабдықталып, медициналық және техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Экспедицияның бағдары: Нұр-Сұлтан қаласы – Приречное ауылы – Қарағайлы археологиялық кешені – Соколиные горы (Бұйратау ҰТП) – Балықты ауылы – Алғабас ауылы – Белодымовский кордон, Қараағаш (Бұйратау ҰТП) – Әлкей Марғұлан аауылы – Қарабұлақ ауылы – Теңдік ауылы – Семізбұға ауылы – Шалқар ауылы –Бұхар Жырау кесенесі – Жаңатілек ауылы– Егіндібұлақ ауылы – Баянауыл – Жасыбай көлі (Баянауыл ҰТП).

Естеріңізге сала кетейік, бұл тур өткен жылы да болған болатын. argymaq.kz порталы тур барысынан ақпараттар таратқан. Биылғы атты турға порталдың бас редакторы Ержан Жаубай бастан-аяқ қатысады. Яғни, оқырмандар елімізде ұйымдастырылған ерекше турды сайтымыздан тұрақты оқып отыратын болады.

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>