Жаңаарқада қымыз пісуден рекорд орнатылмақшы

4212

Биыл қазақтың талантты ұлдарының бірі Сәкен Сейфуллиннің дүниеге келгеніне 125 жыл толды. Және Сәкеннің табаны тиген киелі өлке – Жаңаарқа ауданының орнағанына 90 жыл.

Осы екі даталы мерекеге орай Жаңаарқа төрінде дүрілдеген той өтпекші. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дейтін халқымыз үшін дақпырты әлден дүркірей бастаған айтулы мерекеде халқымыздың ұлттық ойындарының барлық түрінен дерлік сайыс өтпекші.

Атап айтар болсақ, ат спортының өзінен бірнеше түрлі жарыс өтетіні белгілі болды. Мерейтой салтанаты Атасу кентінде 2019 жылдың 14-қыркүйегінде, сағат 10.00-де басталады.

10.00 – 16.30 – Аударыспақ сайысынан білекті де жүректі жігіттер сынға түссе,

Ат жарыстар:

16.30-17.15 – Топ бәйге — 18 шақырым (Гранта автокөлік)

17.15-18.00 – Аламан бәйге 30 км (Джип Ниссан Терано автокөлік)

WhatsApp

Осы тойда елді елеңдеткен тағы бір ерекше жағдай болмақшы. Ол «Қарауыл төбе» той алаңында «10000 литр Жаңаарқа қымызын бір мезетте 1000 күбіге құйып, пісу» көрінісі ұйымдастырылады. Бұл шараның мақсаты – Жаңаарқа қымызын Қазақстан рекордттар кітабына және Гиннестің рекордттар кітабына енгізу.

Мерекелік шараны ұйымдастырушылар той кезінде атбегілер мен шабандоздарға арнап арнайы үй тігіліп жатқанын жеткізді.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!